Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Үйді жайлы ететін заттар

Үйді жайлы ететін заттар

Үйді жайлы ететін заттар

Біз үйде денемізбен де, жанымызбен де демаламыз. Сондықтан оның барынша жайлы болғаны дұрыс. Ал үйді жайлы ету үшін қандай заттар керек?

Шағын кресло
Шағын креслолар немесе пуфтар (жұмсақ жиһаз) кез келген интерьерге жайлылық сыйлайды. Оның түсі көзге жағымды әрі отыра кетуге өте ыңғайлы болғаны жөн. Ашық түсті пуфты қою арқылы бөлменің ішіне бөлек аймақ жасауға болады немесе диван түстес шағын кресло алыңыз.

Кілем
Кез келген интерьерге кілем жайсаңыз, ол жер бірден жайлы бола түседі. Ол тіпті, жапқыштың жоқтығын толықтыруы мүмкін. Бастысы, оның өлшемін дұрыс таңдау керек. Кілем дивандар мен креслолардың ортасында жатпауы керек. Ең дұрысы – барлық интерьер заттарының кілемнің үстінде тұруы. Үй жайлы көрінуі үшін жұмсақ түсті кілем таңдаңыз. Егер суреті бар түрін алғыңыз келсе, суреттер мен өрнектер түрлі түсті емес, бір гаммада болғаны жөн. Ал алып раушанның, жемістердің суреті немесе үлкен жазулары бар кілемдерді таңдаудың қажеті жоқ: олар стиль мен жайлылықты "ұрлайды".

Жапқыш
Жапқыш – жайлы үйдің басты құрауышының бірі. Жапондық немесе римдік стильде жасалған жапқыштар да интерьерді жұмсақ етеді. Әдетте, жапқышты диван, жастық, кілем немесе орындық сияқты бөлмедегі басқа заттарға үйлестіріп таңдайды. Негізі өте қанық түстерден аулақ болған жөн. Әйтпесе, бөлмеге кіргенде тек солар ғана көзге түседі. Ең ұтымды әдіс – жапқышты қабырға реңкіне ұқсастырып таңдау. Оның үстіне ақшыл жапқыштарға күн түскенде үйді одан әрі жарық және жайлы етеді.

Жамылғы мен жастық
Бұл заттар ең минималистік интерьердің өзін "тірілтеді". Жастықтар кішкентай және жіңішке болмағаны жөн. Егер диванның түсі ашық болса, жастықтың 2-3 реңкке қоюлау түрін, ал қара-қоңыр диванға ашық түсті әдемі жастық таңдаңыз. Егер таңдау қиынға соқса, бір түстің әртүрлі реңкіне тоқтаған жөн.

Айна
Айна кеңістікті табиғи жарықпен толтыру арқылы оны визуалды түрде кеңейтеді. Бірақ пәтерде үш ірі айнадан артық болмағаны жөн. Айнаны өзін бөлек декор ретінде немесе картинамен сияқты басқа заттармен бірге ілуге болады. Айнаның алдына шамдар қою арқылы бөлме атмосферасын одан әрі жайлы етуге болады.

Үстел шамдары
Үстел шамдары бөлмедегі көңіл күйді жылдам өзгертуге көмектеседі, сондықтан ол декорациялаудың ең мықты құралына жатады. Оны диванның жанындағы тумбочкаға, кітап оқитын үстелге және т.б жерлерге қоюға болады.

Вазалар мен арт-объектілер
Мүсіншелер, вазалар, кішкентай және үлкен арт-объектілер үйіңізді безендіре де, қоқыс қоймасына айналдыра да алады. Сондықтан оларды үйге көп жинаудың қажеті жоқ. Аксессуардың аз, бірақ көлемді болғаны жақсы. Мысалы, бөлмеге ваза қойғыңыз келсе, оның 30 см-ден жоғары түрін таңдаңыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: unsplash.com
Қосылған күні: 11 қыркүйек, 16:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.