Лайфхак: Жүнді киімдерді қалай күтеміз?

Лайфхак: Жүнді киімдерді қалай күтеміз?
Фото: pixabay.com

Свитерлер мен басқа да жүнді киімдердің мерзімі келіп жетті. Мұндай киімдер сізге ұзақ қызмет ету үшін оларға дұрыс күтім жасай білу маңызды. 

Үтікке тыйым салынады 

Жүнді киімдерді тек бумен үтіктеуге ғана болады. Бу арқылы қыртыс жерлерді тегістеуге және киімге жаңа түр сыйлауға болады. Егер ол киім одан да ұқыпты күтімді қажет ететін болса, душтан немсе ваннадан шыққаннан кейін жуынатын бөлмеге іліп қойыңыз. Киім жуынатын бөлмедегі буда тұрса, оған ешқандай зиян тимейді. 

Арнайы құралдарды ұмытпау 

Аяқ киімге сияқты жүнді киімдерге де арнайы құралдар бекер ойлап табылмаған. Мұндай құралдарды тұрмыстық химия сататын кез келген дүкеннен алуға болады. Егер киімді қазір жуу керек болса, қарапайым немесе балалар сусабынын қолданыңыз. 

Суық сумен жуу 

Жүнді киімге күтім жасаудың негзгі ережесі – оны суық суда жуу. Ол свитердің қанық түсін сақтауға және өзгеріске ұшырамауына (созылмау) көмектеседі. 

Нәзік болу 

Жүнді киімді бар күшпен сығуға немесе екпінмен жууға болмайды. Жүнді киімді ең дұрысы, теріс қаратып алып жуу керек. 

Тазартуды ұмытпау 

Жүнді киімді шкафқа салып тастар алдында оны аздап щеткамен тазартып алу керек. Сол кезде ұсақ қиқымдар және басқа да ластық кетеді. Бұл арқылы оны күйе көбелектен қорғауға болады. 

Түрін жаңарту 

Әдемі емес түйіртпектер (катышки) – жүнді киім жағдайында шарасыз құбылыс. Олар киімге ұзақ киілген түр мен ұқыпсыздық сыйлайды. Сондықтан олармен күресу керек. Одан арнайы машина немесе ұстара (бүлдіріп алу қаупі бар) арқылы құтылуға болады. 

Ілгіш қолданбау 

Жүнді киімдерді ілгішке іліп, кептіруге немесе сақтауға болмайды. Одан мұндай киімдер созылып кетеді. Оны сөреге бүктеп немесе орап жинау керек. 

Көлденең кептіру 

Жүнді киімдерді тек көлденең жазықтықта кептіру керек. Сол кезде оның пішіні өзгеріске ұшырамайды. Ол үшін жазықтықтың үстіне таза құрғақ сүлгі жайып, бетіне жуылған жүнді киімді қою арқылы кептіру керек.

А. Жапатова