Дұрыс қырына білесіз бе?

Дұрыс қырына білесіз бе?

Ұқыптылықты талап ететін қырынуды өнер десек, артық емес. Теріңіздің тітіркенуінсіз, артық жарақатсыз тегіс әрі таза қырынуды әрбір ер кісі армандайды. Бірақ осындай оңай істі неге қиын көреді? Әлде өмір бойы қырынып жүруге еріне ме? Сұрақтардың жауабы өте оңай, қырынудың өнер ретінде есепке алынбауында. Мұқияттылықты талап ететін бұл өнерді үйренгіңіз келсе, төмендегі кеңестерді орындап шығыңыз.

1. Қырынудан бұрын бетіңізді ыстық сумен жақсылап жуыңыз. Бұл теріңізді ұстарамен байланысқа түсуге дайындап, түгіңізді жібітеді. Сондай-ақ арнайы кремдерді де қолдансаңыз болады. 

Бетіңіздегі түктерді жібітудің тағы бір әдісін кішігірім сүлгі қолдану арқылы іске асырсаңыз болады. Сүлгіні сулап, бетіңізге жарты минуттай басыңыз.

2. Қырынуға арналған гельді немесе көбікті қолыңызға құйып, бетіңіздің қыру керек бөліктеріне айналдыра жағыңыз. Айналдыра жағу гельдің бетіңізге бірқалыпты түсуіне әсер етеді. 


Міндетті түрде ұстараңыздың жүзі өткір екендігіне көз жеткізіп алыңыз. Жүзі қайтқан ұстараны қолдану ойыңызда болмасын. Әсіресе теріңіз өте сезімтал болса,  он жағдайдың тоғызында тері тітіркенуіне немесе жарақаттануына алып келеді. Сондықтан келесі бөлімге өтпестен, ұстараңызды тексеріп көріңіз.

3. Әр қырынғанда жоғарыдан төменге түсеміз. Қырынуды ұртыңыздың үстінен бастап, иекке төмен түсіреміз. Бұл бөліктегі түктерді қыру оңайға түседі, сондықтан шамадан тыс күш жұмсаудың да қажеті жоқ.

Бетте жарақат пайда болуынан сақтану үшін ұстараны сумен шайып отырамыз. Әрине сумен шаюдың да өз сырлары бар. Егер де түгіңіз жұмсақ болса, мұздай су қолдануға болады. Қатты болған жағдайда ыстығын қолдану бетіңізге өз әсерін тигізеді.

Иектің астын қырғанда, мойыннан иекке қарай өткен дұрыс. Қырынып болғаннан соң, иіс сабынды немесе арнайы бет терісіне арналған кремді қолдану керек.


Мойын мен ұртыңызды біткен болсаңыз, онда мұртыңыз бен иегіңіз қалды. Бұл бөлікте ең қатты түктер орналасқан. Сондықтан басында жаққан креміңіз теріңізді жібітіп жібергенін күтіп, бұл бөлікті соңғы қырған абзал. Жұмсарып үлгермеген болса, ыстық су қолдануға болады.

Мұртты қыру ерніңізді тіспен созу арқылы жүзеге асады. Ұқыптылықпен ұстараны белгілі градусқа бұрасыз да, қырып тастай бересіз.

4. Бетіңізден гельді жуып, қырылмай қалып қойған жерді тауып аласыз. Егер де қалып қойған бөліктер кездессе, ұстараны ыстық суға жуып, бір рет қырып өтесіз.

5. Бетіңізді салқын сумен жуыңыз. Мұздай сумен бетіңізді шаюшы болмаңыз, себебі мұздай су бетіңіздің тесіктерін жауып, тері зақымдауына алып келеді. 

Қырынып біткен болсаңыз, теріні жұмсартатын арнайы лосьондар мен кремдерді қолданыңыз. Бұл теріні дем алдырып, дымқылдандырады. 

 

Суреттер:www.mirsovetov.ru