Свитерді немен үйлестіреміз?

Свитерді немен үйлестіреміз?
Фото: pinterest.com

Ашық түсті гардероб – күзгі жабырқаңқылыққа қарсы тұратын ұтымды әдіс. Жұмысқа немесе серуендеуге шыққанда ауа райына сәйкес қара киімдер кию міндетті емес, керісінше, көңіл күйді жақсарту үшін ашық түсті жылы киімдер таңдаған жөн. Күзгі гардеробтың негізгі киіміне свитер жатады. Ендеше, оны немен үйлестіруге болатындығын ұсынамыз. 

Ішкі киім-көйлектер 

Соңғы жылдары ішкі киім-көйлектер және пижамалық киімдер сәнге айналды. Егер олардың өзін киюді ыңғайсыз көріп, осы уақытқа дейін киім үлгіңізде қолданбаған болсаңыз, свитермен киіп көріңіз. Мұндай көйлектің сыртынан жылы свитер кисеңіз, киім үлгіңіз нәзік, сәнді әрі жылы болады. 

Ерекше шалбарлар 

Джинс немесе басқа да түрлі матадан тігілген, пішіні де әртүрлі шалбарларды свитермен ойланбастан үйлестіруге болады. Клеш және кең тұаратын шалбарлар сәнге қайта оралғандығын ескерте кетейік. 

Бүрмеленген белдемше 

Ең нәзік киім үлгісіне – бүрмеленген белдемше мен свитердің үйлесімі жатады. Оның түрлі түсті түрін тағдаған жөн.

А. Жапатова