Тойға дайындық: қалыңдық назарына

Тойға дайындық: қалыңдық назарына
Фото: amur.kz

Тойға бір айға жуық уақыт қалғанда өзіңізге күтім жасауды күнделікті әдетке айналдыру керек. Әсіресе бетіңізге, мойныңызға, кеудеңізге көп күтім көрсетіңіз. Көйлегіңіз ашық болса, күтім көрмеген жерлеріңіз көзге ұрып тұрады. 

Әр күні таңертең және кешке теріңізді тазартып, әрлендіріп, дымқылдандырып отырыңыз. Мұны қаншалықты деңгейде жасайтыныңыз теріңіздің құрғақтығына байланысты. 

Жаңа косметикалық өнімдерге және бұрын байқап көрмеген косметикалық емдерге жоламаңыз. Бұл тәжірибе жасайтын уақыт емес, бір нәрсе бүлінсе, қайта қалпына келтіруге уақыт тығыз. 

Тойға 2-3 апта қалғанда теріңізді тазалауда арнайы косметолог көмегіне жүгініңіз. 

Ұсақ-түйектерден құралатын бейнеңізде үйлесімділік болсын. Көйлек, шаш, макияж, туфли, гүл – барлығы бір-бірімен үйлесуі керек. Күйеу жігіттің де сыртқы келбеті қалыңдыққа сай болғаны абзал. 

Тойдан бұрын макияж бен шаш сәнін жасатып, байқап көріңіз. Сонда өзіме ұнамай қала ма, қалай болар екен деп уайымдамайсыз. Стилист сізге тойдың алдында шашқа, теріге жасалатын күтімдер жөнінде де кеңес береді. 
Той алдында жақсылап тынығыңыз. Басқа шаруаның барлығын тойға 2-3 күн қалғанда бітіруге тырысыңыз. Тойдан бір күн бұрын тыныштандыратын ванна қабылдап, өзіңізге толық демалыс беріңіз. Түнде суды көп ішпеңіз, көзіңіз ісіп кетуі мүмкін. 

Барлығы да ойдағыдай болады, кез келген мәселені күліп шешіңіз.

 

@. @assel_assanova