Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Тойға дайындық: қонақтар тізімі

Тойға дайындық: қонақтар тізімі

Тойға дайындық: қонақтар тізімі

«Той десе қу бас домалайды». Қазақ қай үйде қазан қайнаса, сол үйден табылғысы келіп отырады. Бірақ қазіргі нарық заманында адамдардың пейілі тарылып бара жатқандай. Сырт келбеті мен сыйлығына жұмсайтын ақшаға алаңдап, ішкі әлемінің қаншалықты сараң екенін көрсетіп алады. Сондықтан өзгені де, өзіңізді де босқа әурелеп, қинамай, тойыңызға сіз үшін ештеңе аямайтын шын жанашырларды ғана шақырыңыз. Қонақтар туралы мына сұрақтарға жауап беріңіз.

— Ол сіздің туысыңыз ба?
— Иә.
— Шақырмасаңыз ренжи ме? — Жоқ. — Шақырмаймыз!
— Шақырмасаңыз ренжи ме? — Иә. — Шақыру керек.

— Ол сіздің әріптесіңіз не досыңыз шығар?
— Иә.
— Онымен түсінігіңіз бірдей ме? — Жоқ. — Сізді тойына шақырды ма? — Жоқ. — Шақырмаймыз.
— Онымен түсінігіңіз бірдей ме? — Иә. — Тойыңызды қызықты өткізуге атсалыса ма? — Иә. — Шақыру керек.

— Ол сіздің жай танысыңыз ба?
— Иә.
— Кемінде 6 ай сайын сөйлесіп тұрасыз ба? — Иә. — Тойыңызды қызықты өткізуге атсалыса ма? — Иә. — Шақыру керек.
— Кемінде 6 ай сайын сөйлесіп тұрасыз ба? — Жоқ. — Тойыңызды қызықты өткізуге атсалыса ма? — Жоқ. — Шақырмаймыз.

Осы тізімге енген қонақтарға жүрдім-бардым айта салмай, өзіңіз арнайы хабарласып, шын ықыласпен күтетініңізді айтсаңыз, келеді. Ал шақырылмаған адамдарға "Жоқ" дегеннен кейінгі дәйектерді келтіріп, өзіңізді ақтап ала аласыз.

0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: http://mp74.ru
Қосылған күні: 02 мамыр 2018, 16:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.