Сенімсіздіктің түбірі неде?

Сенімсіздіктің түбірі неде?
Фото: Асқар Сеит

Баланың сенімділігіне басты демеу болатын нәрсе – әке тәрбиесі. Ішімдікке салынатын әке баланың бейсанасын жарақаттайды.

Арақ ішіп, үйінде жанжал шығарып, отбасының берекесін бұзатын әкелер баршылық. Ондай ортада өскен баланың өмірі қандай болмақ?

Мұндай жағдайда өмір сүретін бала еркек атаулысынан қорқатын болады. Алкогольге мастанып, аузына келгенді айтып, жұртпен алысатын әкені көріп өскен бала ерте есейеді. Үйінің отағасынан қорқып өсетін баласында «тек өзіме ғана сенуім керек, ересектерге сенуге болмайды» деген ұстаным қалыптасады.

Ал тұйық мінезді балалар мұндай жағдайда одан сайын қорқақ, үрейшіл, уайымшыл болып өседі. Бала кезінен көргені – сенімсіз әке болғандықтан, ауыр өмір салтының қалыптасуына бейсаналы түрде дайын болады.

Арақ-шараптан түбегейлі бас тарту керек деп айтсақ, оны тыңдайтын да адам аз болары сөзсіз. Сондықтан оны мезгілімен, өз орнымен, мастанбай, өзіңді билей алатындай ғана ішу керек.

Әкесі баласына өзіне деген сенімділікті ұялата білуі тиіс. Балаңыз сыртқы келбетіне де, ішкі жан-дүниесінің сұлулығына да риза болуы керек. Ол үшін сіз оған оның қандай әдемі, сымбатты, ақылды екенін жиі есіне түсіріп тұруыңыз қажет. Сырт келбетінен гөрі жан сұлулығының маңызды екенін, осы заманда ақыл мен ой-өрістің кең болуы керектігін түсіндіре білуіңіз керек.

Жалғасы

Ұқсас жазбалар:

Сүйікті әке қандай болады?

Үйіңізге асығасыз ба?

Ф. Абилова