- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Бақытты жұп болу...
Бақытты жұп болу оңай ма?
Қоғамда «жұп үйленгенге дейін бақытты, бір-бірін сыйлайды, отбасылы болғаннан кейін бәрі өзгереді» деген пікір қалыптасқан. Расында да қарым-қатынасты жайына қалдырмай, оған «күтім» жасау керек.
Психология, отбасы қарым-қатынасының психологиясы саласындағы әлемнің жетекші мамандары тәжірибе жүргізу нәтижесінде бақытты сақтап қалу үшін қандай қағидаларды ескеру керектігін анықтады:
1. Ортақ қызығушылық табыңыз.
Қарым-қатынастың басында болмаған ортақ қызығушылық уақыт өте келе пайда болуы мүмкін. Себебі бірге өткізген уақыттың пайдасы көп. Алайда жеке уақыт пен кеңістік туралы да айта кету керек. Өзіңіздің дара қызығушылығыңыз да болуы қажет. Бұл сізді тұлға жасап, ешкімге тәуелді емес ететін маңызды аспектінің бірі.
2. Қол ұстасып жүру.
Серуендегенде, бір жерге жол тартқанда сыңарыңыздың қолынан ұстау мүмкіндігін жібермеңіз. Оның артынан ілесіп, не ілгері шығуға тырыспаңыз.
3. Сенім мен кешірім.
Ұрыс-керісті шиеленістірмей, кімнің кінәлі екенін анықтауды талап етпейтін жұп бақытты саналады. Кейбір адамдардың ойынша, бақытты жандар тіпті ұрыспайды. Бұл қате түсінік. Кез келген отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтыны белгілі. Келеңсіз жағдайға қабақ шытпай, мәселені шешуге тырысу керек. Кінәліні іздеп, жала жабуды пайдасы жоқ.
4. Жақсы жақтарын байқауға тырысыңыз.
Сүйіктіңіздің жақсы жақтарын тауып, соларға баса назар аударуға тырысыңыз. Ал кемшіліктерін кішірейтуге, оларға аса назар аудармауға тырысу керек. Себебі кез келген адамның кемшіліктері болады. Мінсіз адам бар деп айту өте қиын. Барлығы сіздің ниетіңізге байланысты. Егер сіз тек жақсы жақтарды көруге ынталансаңыз, міндетті түрде мақсатқа жетесіз. Ал біреуді сөгіп, ұрысуға дағдыланған болсаңыз, сыңарыңызды ренжітіп алуыңыз ғажап емес. Кешіргенімен, көңілге қаяу түсіп, есте мәңгілік қалары анық.
Жалғасы бар...
Сурет: ©Евгений Шикин
Оқи отырыңыз:
Махаббатым ертегідей болсын десеңіз... #2
Махаббатым ертегідегідей болсын десеңіз...
Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...
Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?
Қой жылына арналған махаббат жұлдызнамасы
Ф. Абилова