Бақытты жұп қандай болады?

Бақытты жұп қандай болады?

Бұл сұраққа әркім өз пікірін ұсынады. Себебі, бақыт дегенді әр адам әрқалай түсінеді. Оған өз анықтамасын береді. Бақытты жұп қандай болады?

1. Олар ұрыс-керістен қорықпайды. Иә, бақытты адамдар да сөзге келіп қалуы әбден мүмкін. Олар осы ұрыстың арты үлкен жанжалға апарады деп қорықпайды. Себебі, мәселелерді шешуге талпынады. Әдетте, ұрыс бір-бірін түсінбеуден не қитұрқы әңгімеден шығады. Бақытты жұп бір-бірінен шындықты жасырмай, мәселені ашықтан-ашық шешуге ұмтылады. Ұрысса да, мәселе шешілгеннен кейін «түкке тұрмайтын дүниеге» саналып, сабаларына түседі. Қай шаңырақта ыдыс-аяқ сылдырламайды?

2. Дау, ұрыстан кейін олар бір-бірінен кешірім сұрауға тәкаппарланбайды. Шешілген мәселені қайта-қайта көтеріп, еске түсіріп, ұрыспайды. Себебі, олар үшін отбасы тыныштығы мен жарының қуанышы қымбат. Ұрыс біткенде кешірім сұрап, құшақтасуды жөн көреді. Бұған көбісі бара бермейтінін біз айтпай-ақ білесіз.

Кешірім сұрау – сыйластықтың белгісі. Демек, тек сыйластық, құрмет бар жерде ғана жұп бақытты бола алады.

Бірің сөйлесе, бірің тыңда. Бұл бір қарағанда жеңіл қағида. Алайда жиі ұмытып кетеміз.

3. Бақытты отбасы бір-біріне қорған болуға барын салады. Біреуі мұңайып, көңілі болмаса, екіншісі үнемі жанынан табылады. Бір-бірін тыңдай біліп, көмектесе алады. Сондай-ақ отбасында бірі екіншісінің түсінуіне сенімді болуы керек. Яғни қандай жағдай болмасын, жарыңызды қолдауыңыз керек.

Бақытты отбасында тәкаппарлыққа орын жоқ екенін жадыңыздан шығармаңыз. «Мен, өзім» деген ұстаным жоғалады, барлық мәселе жұмыла шешіледі.

Әйелінің жұмыста проблемалары болса, жары оған барынша көмектесіп, жақсы жақтарын тауып, моральдық тұрғыда қолдау көрсетеді.

Бақытты отбасында әйелі мен күйеуі – дос, серіктес, қорғаушы болады.

4. Бақытты жұп өздерін басқа отбасымен салыстырмайды. Олар өздерін ерекше санап, бір-бірін бақытты етуге ұмтылады. Өзгенің бақыты, өзгенің өміріне бас ауыртпайды. 

Жалғасы бар...

Сурет: ©Асылбек Имандосов

Оқи отырыңыз:

"Қызғанса, сүйеді" деген пікір дұрыс па?

Неліктен жалғызсыз?

Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?

Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...

Ф. Абилова