Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Ақша бақылауда болғанды ұнатады

Ақша бақылауда болғанды ұнатады

Ақша бақылауда болғанды ұнатады

«Ақша жинау үшін міндетті түрде табысты көп мөлшерде табу керек» деген жалған сөз. Кез келген адам ақша жинай алады...

Табысты қанша табатындығыңыз емес, оны дұрыс жұмсай білуіңіз маңызды. Жастайыңыздан ақша үнемдеу мәселесін қолға алмасаңыз, болашақтағы мүмкіндіктеріңізді бағдарлауыңыз қиынға соғады. Жұмсаған ақшаңыз ауаға ұшпастан, сізге пайдасын тигізіп отыруы қажет.

Жалғызбасты адамдар көп уақытын жұмыста өткізетінін біле тұра, ай сайын азық-түлік сатып алады. Олардың кейбіреулері мерзімдерінен өтіп, бұзыла бастайды. Осы секілді қажетсіз шығындардан аулақ болғаныңыз жөн.  

Біз миллионер болмасақ та, қажетсіз дүниелерге ақшамызды құртып, шығындаламыз. Алдыңызға мақсат қойыңыз. «Онсыз да өмір сүре аламын» деген дүниелерге ақша жұмсамаңыз. Көңіліңізді көтеріп қою үшін айына бір рет қана артық зат салып, қалған ақшаңызды бақылауға алыңыз. Жақсы киіну үшін де бар ақшаңызды жұмсаудың қажеті жоқ, бастысы талғаммен киіну.  

Алдыңызға 1-5 жыл аралығында орындалуға тиіс айқын мақсаттар қойыңыз. Бес жылдан соң өміріңізді қалай елестетесіз және осы уақыт ішінде не нәрсеге қол жеткізгіңіз келеді. Ол білім алу, үй, көлік болуы мүмкін. Армандарыңызға бүгінен бастап қадам басыңыз.


Ақша үнемдеудің жолы:

Біріншіден, 2 апта бойы ақшаңызды не нәрсеге жұмсағандығыңызды жазып отырыңыз. Ол 5 теңге болсын, 5000 теңге болсын маңызды емес. Бастысы олардың біреуін де қалдырмай жазып отыру. 2 апта уақыт өткен соң қанша ақшаңыздың ауаға ұшып, қаншасының дұрыс жұмсалғанын анықтайсыз.

Табысыңызды үш бөлікке бөліңіз. Олар: шығын, кіріс, жиналған ақшалар болуы тиіс. Және олардың ортасында тепе-теңдік орнатыңыз. Жоғарыда айтылған бірінші қадамды жасаған соң, келесі айда ақшаңызды ойланып отырып жұмсаңыз.

Барлығы да ақша жинау мүмкін емес деп ойлайды, алайда олай емес. Тіпті, шәкіртақы алатын студенттің өзі де ақша жинап, сүйіктісіне гүл сыйлай алады. Маңызы бар дүниелерге ақша міндетті түрде табылады. Ай сайын алатын табысыңыздың 20%-ын, одан да жақсысы, 30%-ын жинап отырыңыз. Депозиттердің рейтінгілерін анықтап, ақшаңызды банкке салыңыз. Жинап жатқан ақшаңызды жоқ деп есептеңіз.


Екіншіден, "Ақша деген не?" деген сұраққа жауап беруіміз керек. «Бұл – еркіндік пен мүмкіндіктің түйіскен жері. Ақшам жеткілікті болса, тыныш ұйықтап, қанағаттану сезіміне ие боламын. Маған қымбат үйлер немесе бағалы көліктер қажет емес, бастысы әрбір жұмсаған ақшамның табыс әкелуі», - деп табысты адамдар бірауыздан жауап қайырады.

Ақшаны үнемдеуді кішкентайымыздан үйретпейтіндіктен, оларды дұрыс басқара алмаймыз. Көпшілік бай болып туылғысы келеді, алайда барлығы да еңбектің жемісі. Ақша бақылауда болғанды ұнататынын есіңізде сақтаңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 25 қазан 2013, 16:02
Пікірлер
+0
25 қазан 2013, 16:56

мен 5 жасымнан бастап акша жинаймын бирак анам оларды жетпей калган нарселерине маган айтпай алып алатын еди ал казир кайда тыгып койганымды билмейди осылай акшаларым жаймендеп жиналып жур :D акша жинауды анам бала кезимнен уйреткенине куанам :)

+0
25 қазан 2013, 18:43

Жақсы кеңестер!

+0
25 қазан 2013, 20:58

Ақша жинай алмаймын деп ойлайтынмын. Енді жинауға болатынына сеніп қалдым ;)

+0
25 қазан 2013, 23:00

Бала кезде тиын-тебендердіи жинап, анамызға, әкемізге, әпкеме сыйлықтар алушы ем. Студент кезде студенақымды жинап ең алғаш өзім өзім болып ұялы телефон алғанмын. Ол телефон аздап іштен шығып жатса да (қара шайға түсіп кетіп, онша естілмей қалған, басқасы дұрыс), тастағым, не ешкімге бергім келмейді. Ескі күйінде сақтап қойдым. Ыстық екен. Ең алғаш жұмыс жасай бастағанда тағы да ақшамды жиып ноутбук алдым. Қазіргі екінші жұмысым, екінші наным сол. Қорытынды. Қанша тапсаң да, ақша жинауға болады." Үнемшіл болсаң кедейленбейсің" деген сөз жадымда әрқашан.

+0
25 қазан 2013, 23:32

Рахмет, Қарлыға! Ұнады

+0
26 қазан 2013, 08:19

Мен түк жинай алмайимын (((

+0
26 қазан 2013, 14:42

"Ешқашан ақша жинамаңдар, уақыт ақшаның құнын жояды" (с) Әкем

+0
26 қазан 2013, 16:02

Студент кезде уақыт бар, ақша жоқ. Ал отбасы құрып, жұмысқа кіргенде ақша бар уақыт жоқ! (Е.ҚАМЕН)

+0
27 қазан 2013, 00:59

Қартайғанда ақша да бар, уақыт та жетерлік, бірақ энергия жоқ)))

+0
29 қазан 2013, 11:00

Жоқ дей берсеңіздер қайдан болсын? ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.