- Негізгі бет
- Психология
- Миллионер болғыңыз келсе......
Миллионер болғыңыз келсе...
Өте көп табыс әкелетін жұмыс адамды тым жалықтырып жібереді екен. Мәселен, Америка елінде табысты ең көп түсіретін - автотұрақ, көлік жуу, жеміс-жидек сату орындары. Миллионер болғыңыз келсе, шыдамды болуға тура келеді. Және бір айта кететіні ешқашан жалдамалы жұмыс істемеу керексіз. Назарларыңызда америкалықтар ұсынған миллионер болудың жолдары.
Көптеген миллионерлер жоғарғы оқу орындарында көп оқуды жөн санамайды. Өз-өзін көтерген бай-батшалардың басым бөлігі жоғарғы оқу орындарында 2 курстан артық оқымаған. Сіздерге де 2 курстан артық оқуға кеңес бермейді. Өйткені, «Миллионерлер клубында» сізден ешқашан жоғарғы оқу орнының дипломын сұрамайды.
Америкалық миллионерлердің 20 пайызы ешқандай оқу орындарында оқымаған; 6 %-ы доктор дәрежесіне жетіп, ғылым жолын тастап кеткен; 8%-ы заң мамандығында оқыған; 6%-ының медициналық білімі бар екен.
Америкалық байлар тек қана бір әйелге үйленіп, өмірін сол жарымен бірге өткізеді. Себебі, екінші бір әйелге үйлену миллионерлердің қаржылық және моральдық жағдайын төмендетеді. Не болмаса, екінші әйелімен ұрсысып қалған жағдайда тоқалы сотқа беріп, бірнеше пайыз байлығын иемденіп алуы мүмкін. (Қытайда керісінше, өмірінің соңына дейін адал жар таба алмай өтетін жағдайлар көп. Үйленбеген Қытай миллионерлеріне арнайы кемемен саяхат ұйымдастырады екен. Кеменің бортына байлығы $20 миллионнан асатын 50-дей адам мінеді. Кеменің ішінде бай-батшаларды кіл сұлу арулар күтіп тұрады. Миллионерлер ұнаған қызын таңдап, сол арумен кеменің ішінде некеге тұрады. Міне, «аспан асты» елінің байлары осылай да үйленеді.)
Статистика бойынша, америкалық байлардың 35%-ы аптасына 45-55 сағат жұмыс істейді. (Ал қарапайым жұмысшы аптасына 40 сағаттай жұмыс жасайды). Әлемдегі ең үнемді миллионерлер шотландиялықтар екен. Бірақ, мұның себебі неде екенін әлі күнге ешкім дөп басып айта алмайды. Ал ең көп көлемде шығындалатын ресейлік байлар.
Америкалықтардың арнайы зерттеуі бойынша, миллионер тек жанұясында қаржы жағы қатты қадағаланатын отбасыдан шығады.
Америкалықтардың басты кредосы: «Егер қалталы азаматпен таныс болсаң, онымен ұрыспа! Қайта оның ақшасынан өзіңе қалай пайда табудың жолдарын қарастыр!».
Америкалық байлар ешқашан зәулім үй сатып алмайды. Өйткені, үлкен үйге үлкен көлемдегі қаржы кетеді. Біріншіден, зәулім үйдің коммуналды қызметіне төлейтін шығын көп, екіншіден, үйді тазалайтын қызметкерге ақша тым көп кетеді, үшіншіден, Америкада зәулім үйде тұру сәннен шығып кеткен.
50% америкалық байлар 25 мың доллар және одан төмен тұратын автокөлікпен жүреді; 20%-ы ешқашан көлік сатып алмаған; ал әрбір үшінші америкалық миллионер 10 мың доллардан төмен көлікпен жүреді.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: realforum.com.ua
Ю. НИКУЛЛИН