- Негізгі бет
- Психология
- Бай болу сіз...
Бай болу сіз ойлағандай қиын емес
Жер бетінде байлықты сүймейтін адам жоқ шығар. Кім де болсын барын салып, бай болуға ұмтылады. Кейбіреулері қолын қусырып, табысты бола алмайтындықтарын мойындайды. оларжың қатарына қосылғыңыз келмесе, ең алдымен бірнеше жаттығу жасаңыз. Ол жаттығулар маңызды болғандықтан, жасаған кезде мұқият болыңыз. Жаттығулар нәтижелі болсын десеңіз, жауаптарыңызды қағазға жазып отырыңыз.
Сонымен, ең алғашқы жаттығу:
-Ақша мәселесінде сізді қинайтын 10 себепті тізіп жазыңыз. Яғни сізге ақша не үшін қажет? Ақшаға байланысты қандай қорқыныштарыңыз бар?
Мысалы, ақшам болмай қалса, несиемді қалай төлеймін, шет елге демалысқа бару үшін ақша жинай алмай қалсам не болады сынды жағдайлар болуы мүмкін.
Мұның маңыздылығы неде? Мұның бар себебі бай адамдарша ойлауда. Олар ешуақытта қиындықтан қашпайды, өзге біреудің ақша әкеліп бергенін күтіп жатпайды. Олар бар ойын жақсы жаққа бағыттайды. Егер үнемі жоғарыдағы мысалда келтірілген қорқыныштардың арасында өмір сүре беретін болсаңыз, олар міндетті түрде жүзеге асады. Егер алдыңызға айқын мақсат қойсаңыз, қажетті ақпаратты өмірдің өзі әкеледі.
Екінші жаттығуымызға көшейік:
Жазған тізіміңіздің ішінен мені қаттырақ мазалайтыны мыналар деп 3-5 пункт таңдаңыз және оларды өзгертіңіз. Мысалы, шет елдегі демалысыма ақша жинай алмасам не болды дегенді төмендегідей етіп өзгертіңіз:
-Жазғы демалысыма қалай ақша жинасам болады?
-Қажетті ақшаларды қайдан алсам болады?
-Армандарымды жүзеге асыру үшін не істей аламын?
Миыңыз қажетті ақпаратты тауып, сізге көмектессін десеңіз, ойыңызды осылайша өзгертіп отырыңыз.
Яғни қорқыныш пен күдікті «Мен не істей аламын?» деген мүмкіншілікпен алмастырыңыз.
Өзіңізге дұрыс сұрақтар қоя білсеңіз, миыңыз әрдайым дұрыс шешім тауып отырады. Ал егер «менде неге барлығы жаман, неге менде ақша жоқ, мен неге басқалар сияқты емеспін» деген секілді сұрақтармен мазалайтын болсаңыз, миыңызға ақталудан басқа ешнәрсе қалмайды.
Табысты адамдардың кедей, жолы болмайтын адамдардан басты ерекшелігі осы. Олар өздеріне дұрыс сұрақтар қойып, айқын мақсаттарға жетуге ұмтылады. Сол себепті қандай қиын жағдайға тап болсаңыз да, оларды осы жолмен шешуге тырсыңыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай