Асығыстық танытқан жоқпын ба?

Асығыстық танытқан жоқпын ба?
Фото: Александр Орлов

Сәлеметсіздер ме! Мен өз жағдайымды айтып, сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді.

Осыдан алты ай бұрын әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен таныстым. Онымен желіде хабарлама арқылы күн сайын сөйлесемін. Ол Алматыда тұрады, бұрын біздің қалада (Астанада) болмаған. Менен бес жас үлкен. Жоғарғы білімі бар. Ақпан айының басында менімен кездесуге біздің қалаға келді. Өзім күтіп алдым, бір күн бірге болдық, қыдырып, әңгімелестік. Ертесі күні шығарып салдым. Ол үйленейік деп, күтуге уәде беруімді сұрады. Өзім оқу бітіріп, жұмыс істеп жүрмін. Тұрмысқа шығатын жасым келгендіктен (жасым жиырма екіде) жок демедім. Жазда ата-анасымен құда түсуге келетін болды. 

Мені ойландыратыны  қанша көп сөйлессек те, бір-ақ рет көрістік қой, асығыстық танытып отырған жоқпын ба деген ой. Жалпы сымбатты дей алмасам да, мінезі жақсы деп білдім. 

Сіздер калай ойлайсыздар, бұл әрекетіміз қаншалықты дұрыс?

Автор: Құпия қыз

Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі  біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі  біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massagetkz@gmail.com

@. @assel_assanova