Жігітімнің тәтті сөздеріне алдандым

Жігітімнің тәтті сөздеріне алдандым
Фото: Дулат Сепбосынов

Сәлем, массагеттіктер! Мен сіздермен басымнан өтіп жатқан оқиғамен бөлісіп, ақыл кеңестерінізді тыңдағым келеді. Тек бір өтінішім бар, қатты айтып сөкпеніздерші.

Жігітіммен жүргенімізге жарты жылдан асып келеді. Бір-бірімізді қатты жақсы көреміз, ол өте жақсы адам, еш ренжіткен емес. Оның қасында уақыт тоқтап қалса деп қиялдап кетемін. Үйдегі ата-анама да жеткіземін қуанышымды, олардың оған деген көзқарастары да жақсы. Мен онымен төсек қатынасында болып қойдым. Ол маған тек аспандағы ай, жұлдыз, күнді алып бере алмайтынын айтты, ал жер бетіндегі барлық керек нәрсенің иесіне лайықты етем деп уәде берді, мен оған қатты сендім.

Ол менің бақытым, өмірдегі қамқоршым деп ойлайтынмын. Осы уақытқа дейін солай армандап келдім. Әттең, бәрі бос әурешілік болды.

Оның жанұясы, кішкентай ұл-қыздары бар екен. Көзімнен жас тиылар емес, өзімді тірі өлік секілді сезініп тұрмын.

Өлгім келеді, өзімді жек көріп тұрмын. Енді қалай өмір сүруге болады, айтыңыздаршы? 

Автор: Құпия қыз

Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massagetkz@gmail.com. 

Ф. Абилова