Тест. Бір ғана сұраққа жауап беріп, ішкі жасыңыздың қанша екенін біліңіз

Тест. Бір ғана сұраққа жауап беріп, ішкі жасыңыздың қанша екенін біліңіз
Фото: factroom.ru

Психологияда танымал, ішкі жасыңызды анықтауға мүмкіндік беретін қызықты мини-тест тапсыруды ұсынамыз.

Жас ұлғайған сайын біздің сыртқы түріміз бен сезіміміз біздің ойларымызға, эмоцияларымызға, өмірге деген көзқарасымызға көбірек байланысты деп саналады.

Психолог Диана Шулина айтқандай, тіпті "психологиялық кәрілік" деген ұғым бар.

Оның бірінші белгісі – сіздің өміріңіздегі ең маңызды, қызықты оқиғалардың өткенде болғанын және болашақта сізді маңызды ештеңе күтпейтінін сезіну. Ал бұл адамның мақсат қоюды, жоспар құруды тоқтатып, бірте-бірте өткенмен өмір сүре бастайтынын білдіреді, ерте қартаю процестерін жылдамдатады.

Біз сізді шағын тест тапсыруға және өзіңіз  қаншалықты жас екеніңізді білуге ​​шақырамыз.

Суретке қараңыз. Бірінші кімді көрдіңіз?

Қыз көрсеңіз

Сіз жассыз және өмірден ләззат алуды білесіз. Мүмкін, тіпті жастарға тән батыл және күтпеген әрекеттерге қабілеттісіз.

Егер сіз ер адамды көрсеңіз

Сірә, сізде ақылды және саналы шешім қабылдауға көмектесетін бай өмірлік тәжірибеңіз бар. Бірақ кейде, ол жаңа нәрсені ашуға және "бала сияқты" кішкентай нәрселерден ләззат алуға кедергі келтіруі мүмкін.

Т. Раушанұлы