Балық қана емес. Жүкті екеніңізді білдіретін түстер

Балық қана емес. Жүкті екеніңізді білдіретін түстер
Фото: John Looy, unsplash.com

Кей түстер жақын арада ана болатыныңызды білдіреді. Әрине, бәрін тіке қабылдаудың қажеті жоқ. Бірақ тағдырдың кей белгілерін де назарсыз қалдыруға болмайды.

Балық

Мұны көпшілік біледі. Түсіңізде суда балықтың жүзіп жүргенін көрсеңіз, ол жүкті екеніңізді білдіруі мүмкін. Ал егер түсіңізде шортан аулап алып, қолыңызда ұстап тұрсаңыз, ісіңіз оңынан жүреді. Ал балық аулауға қатысты түсті ер адам көрсе, бұл отбасымен көбірек уақыт өткізу керегі жайлы ескерту.

Балалар ойыншықтары

Егер үнемі бала жайлы ойлай берсеңіз, түсіңізде балаға қатысты нәрселерді көру таңғалатын нәрсе емес. Бірақ балалар киімімен және ойыншықтарымен қатысты қандай да бір нақты түсті бірнеше рет қайталап көрсеңіз, ол жақын арада ана атанатыныңызды білдіруі мүмкін.

Таза су

Су — жаңа өмір символы. Егер түсіңізде әр тасы анық көрінетін таза суда жүзіп жүрсеңіз, шын өмірде ана атануыңыз мүмкін. Ал лас су төніп тұрған қауіпті білдіруі мүмкін.

Қарбыз

Түсіңізде қарбыз көрсеңіз, бақытты ана болатыныңызды білдіреді. Егер түсіңізде қарбыз піскен және тәтті болса, жүктілік жеңіл өтеді. Егер түсінде қарбызды ер адам көрсе, бұл қаржылық істердегі жағымсыздықтарды білдіреді.

Сәби

Сәби ұстап отсаңыз, шынайы өмірде де сәбилі болатыныңызды білдіруі мүмкін. Бұл жерде түсіңізде жаңа туған сәбиге деген сезіміңіздің қандай екені де маңызды. Егер қолыңыздағы сәбиді өзіңіздің балаңыз деп санап тұрсаңыз, ана болуға дайын екеніңізді білдіреді. Ал егер бала жылап жатса, жүкті болудан қорқатыныңызды көрсетуі мүмкін.

Жұмыртқа

Көпшілік мәдениет те жұмыртқа дүниеге келуді білдіреді. Егер түсіңізде жиі жұмыртқа көрсеңіз, шынайы өмірде ана болуды армандайсыз.

Саңырауқұлақ 

Саңырауқұлақтар жинап жүргеніңізді көру кірісті, мансап бойынша өсуді және отбасыдағы толығуды білдіреді. Қандай саңырауқұлақ тапқаныңыз маңызды емес. Бірақ мұрагер сізде емес, жақыныңызда пайда болуы да мүмкін.

Ақ тышқан

Егер өз-өзімен жатқан немесе ұйықтап жатқан ақ тышқан көрсеңіз, ол жиі жүктілікті білдіреді. Жарқанат та бақыт әкеледі.

Алма

Түсіңізде әдемі қызыл алмаларды жинап жүргеніңізді, оларды сүртіп отқаныңызды көру жақында сәбидің дүниеге келуімен байланысты қуанышқа, толқуға әкеледі.

Көбелек

Түсіңізде көбелек көру адамға өзгеріс қажет екенін білдіреді. Күйеуге шыққан әйел түсінде көбелек көріп, біртүрлі сезіммен оянса, ол жүктіліктің алғашқы күндерімен байланысты ағзадағы өзгерістерді көрсетуі мүмкін.

Орамжапырақ

Кей ата-аналар баласына оны орамжапырақтан тауып алғанын айтады. Бұл бекер емес. Бұл көкөніс — жаңа өмір символы.

А. Жапатова