Түсіңде бит көрсең...

Түсіңде бит көрсең...
Фото: ru.freepik.com

Шынайы өмірде өзіңіздің немесе жақыныңыздың басы биттеп кетсе, бұл көптеген жағымсыздықтар тудыратыны рас. Одан арылу үшін біраз тырысу керек. Оның үстіне бұл жағдай адамды ұялтады. Бұл шынайы өмірде. Ал түсіңізде бит көрсеңіз, керісінше, жақсы жаңалықтар күтіңіз.

Түсіңізде бит көру пайданы білдіреді: жалақының өсуі, премия алу, жақсы мәміле, бағалы сыйлық немесе ақшалай табыс. Сондықтан қосымша табыс табу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Түсінде битті әйел адам көрсе, бұл оның серігіне сенбей жүргенінен болуы мүмкін. Сіз оны қызғанып, іштей уайымдап жүрген болуыңыз мүмкін. Күмәнданып жүргеннен гөрі онымен ашық сөйлесіңіз.

Егер түсінде битті ер адам көрсе, бұл жақын арада баюды білдіреді. Біреу бұрынғы қарызын қайтаруы немесе сәті түсіп, жұмыста жолыңыз болады.

Егер түсіңізде кішкентай биттерді көрсеңіз, ол да молшылықты білдіреді. Отбасыңызда ешкім қаржылық қиындық көрмейді.

Ал егер бір бит көрсеңіз, сәтті сауда жасайсыз. Үлкен бит көрсеңіз, арманыңыз орындалады.

Егер битті тарақтан көрсеңіз, күтпеген жағымды сыйлық алуыңыз мүмкін.

Егер басыңыздан битті алып, лақтырып жатсаңыз, қандай да бір жауапкершіліктен арыласыз.

Өз басыңыздағы битті сығып жатсаңыз, ақша тез жұмсалып кетеді. Басқа адамның басындағы битті сығып отырсаңыз, басқа адамның пікірінен қорқасыз, тәуелдісіз.

Басты қасу — молшылыққа. Науқас үшін бұл тез арада жазылатынын білдіреді.

Битті өлтіру — өз еркіңізбен бағалы мүмкіндікті жоғалту.

А. Жапатова