Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Манекен қоғам

Манекен қоғам

Манекен қоғам

Қасыңдағы досыңның басқа қалаға немесе басқа мемлекетке барып келгеннен кейін өзгеріп кеткендігін байқадың ба? Өзің де араласатын адамдарыңның шеңберін өзгерткеніңде, басқа адам бола бастағаныңды сезетін шығарсың. 

Неге бұлай болатындығы туралы ойланып көрдің бе? Саған қызық болса, бүгінгі әңгімемізді осы тақырыпқа арнайық.

Әлбетте, адамзаттың көпшілігінің жүріс-тұрысы мен арман-мақсатына әсер ететін ең маңызды нәрсе - қоғам. Қоғамның да біреудің қолымен, яғни, ел басшыларының ақылымен жасалатындығы белгілі. Оның басты ерекшелігі сол - бізге өмір бойы әсер етіп, ойымызды белгілі нәрсеге бағыттап отырады. Бұл әсерді күйбеңмен алысып жүрген адам әдетте оңайлықпен байқамайды. Тек өзінің не істеп, қайда жылжып бара жатқандығы туралы ойланатын адам ғана бұны сезіп, біле алады. Жаппай гипнозға ұқсайтын бұл әсердің салдарының бір көрінісі ретінде жарнамалық маркетингтің құрбандарын көрсетуге болады.

Тауарды қойшы, санамызға түрлі тәсілдер арқылы сіңіріліп жатқан түсініктер мен қауіпті идеяларды қайтеміз? Олардан қалай құтыламыз? Әлде сіз өзіңізді ешқандай идеологиялық шабуылдың құрбанымын деп есептемейсіз бе?

Әлбетте, құрбанысыз. Ойланып көріңізші. Қарапайым жігіт пен қыздың, күйеу мен әйелінің арасындағы қарым-қатынастың формасы осыдан 20 жыл бұрын қандай еді? Ал қазір қай жаққа кетіп бара жатыр? Қыз баланың жігіттің алдына шығып, көшбасшылыққа ұмтылуы өзінен-өзі пайда болды ма? Әрине бұның барлығы фильмдер мен музыкалар, ток-шоулар мен телесериалдар арқылы таралған эпидемия. Яғни, у. Сен ойлайтын боларсың: "Заман ағымы өздігінен осылай өзгеріп бара жатыр ", - деп. Жоқ. Бұның барлығы жүйелі, мақсатты түрде істеліп жатқан идеологиялық жұмыстар.

Қазір ешкім үстіне киіп жүрген киімін, айналысып жүрген кәсібін, арман-мақсатын, тыңдайтын музыкасын, қарайтын киносын, араласатын адамдарын өзі таңдап жүрген жоқ. Бұның барлығы түрлі тәсілдер арқылы адамдарға таңылған.

Осы ғаламдық процестер қазақ халқының қанында бар бауырмалдық, сүйіспеншілік, барша адамға махаббат қылу, үлкенге құрмет көрсету секілді асыл қасиеттерінің жойылуына әкеліп соғуы мүмкін. Халықты қойып, өзімізге назар салсақ, жүрегімізде өзге түгілі, өзімізге де махаббаттың жоқ екендігін байқай аламыз ғой. Біртұтас елдің жоқ болып жойылуының негізгі алғашарты да - осы.

Автор: Еркебұлан Қайрахан

сурет: bigpicture.ru

168 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 01 қараша 2012, 17:17
Пікірлер
+0
01 қараша 2012, 15:48

"Қоғамның да біреудің қолымен, яғни, ел басшыларының ақылымен жасалатындығы белгілі. Бұл әсерді күйбеңмен алысып жүрген адам әдетте оңайлықпен байқамайды. Тек өзінің не істеп, қайда жылжып бара жатқандығы туралы ойланатын адам ғана бұны сезіп, біле алады". Дұрыс айтасың!

+0
01 қараша 2012, 16:29

құрбанымын(((

+0
03 қараша 2012, 15:42

Ойпырмай, Еркебұлан, дұрыс айтасың, мұның бәрі идеологиялық жұмыс. РЕН каналындағы "ақыл айтқыш" бағдарламалар қаншама адамдардың санасына сіңіп жатыр.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...