- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Әйгілі тауарлар...
Әйгілі тауарлар
Маркетинг - өмірімізді қызыққа толтыратын ғылымдардың бірі. Тауарды сату мақсатында маркетологтардың ойлап таппаған айлалары қалмаған болар. Әрине бұндай ұсақ-түйектерге таңданбасқа болмайды.
Chupa Chups
Таяқтағы кәмпиттер ең бірінші бүлдіршіндерге емес, олардың ата-аналарына ұнады. Олар кәдімгі соратын кәмпиттерге қарағанда балалардың үсті-басын былғамайды. Чупа Чупсты испандық Энрике Бернат ойлап шығарыпты. Алайда бұл ой оған танымал орыстардың таяқтағы әтеш кәмпиттерінен келген болар. Логотипінің дизайнын әйгілі Сальвадор Дали ойлап тапқан екен.
Red Bull
Танымал энергетик сусындар жайлы қалыптасқан ойды мүлдем ауыстырды. Бағасы кәдімгі сусыннан екі есе көп, ал бөтелкесі керісінше кемиді. Маркетологтар Red Bull бөтелкелерін дүкендерде күтпейтін бұрыштарға қойып, студенттік жатақханаларда тегін таратқан. Дизайнерлердің де қосқан үлесі бар: Red Bull бөтелкесі қарапайым батарея сияқты жасалынған.
Alka Seltzer
Танымал "бас жазатын" дәрілердің бірден екі данасын ішу дәстүрі 1960 жылы шыққан жарнамадан бастау алған. Бұл ойды бірден барлық фармокологиялық маркалар, сағыз өндірушілер қолдана бастады. Нәтижесінде біз қажет емес екінші дәріні ішіп, оларға екі есе кіріс берудеміз.