Күлкіден қайтыс болған адам бар...

Күлкіден қайтыс болған адам бар...
Фото: massaget,kz

Күліп жүретін адамдарды әркез жақсылықтар қоршап жүреді деп сенеміз. Күлу – қиын үрдіс. Байқап қарасаңыз бала туғаннан бастап жылайды, ал күлуді үйрену үшін 2-3 ай уақыт керек. Күлкі туралы қандай деректер білесіз?

• Күлу кезінде беттің 17 бұлшық еті жұмыс істейді.

• Адам қатты күлген 10-15 минуттың ішінде шоколадтың калориясын жоя алады.

• Күлкі астма мен бронхит ауруларының алдын алады.

• Күлкі адам бойындағы шығармашылық қабілетті жетілдіреді. Оның қауқары адамн миының екі жарты шарын да іске қосуға жетеді.

• 6 жасар бала күніне 300 рет күледі. Ал ересек адамдар ең көп дегенде 15 рет қана күледі.  

 Күлу арқылы ақша таба аласыз. Күліп жүріп қызмет көрсететін даяшылардың табысы басқалармен салыстырғанда жоғары.

• Әркез күліп жүретін адамдардың көпшілігі Бразилия мен Кубада тұрады.

• Жақсы әзілдей алатын ер азаматтар ақылды көрінеді. Емін-еркін жарқылдап отырып күлу еркектерге тән қасиет ретінде саналады.  

• Әңгіме барысында әйел адамдар ер адамдармен салыстырғанда 26 пайызға көбірек күледі. Сондықтан ер адамдар көбіне күлдіртуге әуес.

 Хулиан дель Касаль атты Куба ақыны күлкіден қайтыс болған. Өмір бойы күйзеліспен өмір сүріп, жиі күле бермейтін ол мейрамханадағы кездесуде қатты күлген. Оның жүрегі бұл күшке шыдамай өмірден өткен.

 Күлкіні және оның адмдарға әсерін зерттейтін ғылым саласы гелотология деп аталады. Зерттеуші ғалымдар күлкі адамға бақыт сыйлайды дейді.

Әрдайым күліп жүріңіз!

Т. Есқали