"Тілімнің ұшында тұр"

"Тілімнің ұшында тұр"
Фото: http://crt-belovodie.ru

Кейде бір сөзді айтқыңыз кегенімен, оны айта алмай қиналасыз. Жоқ, сіз қалай аталатынын жақсы білесіз, неше буын екенін де айта аласыз. Тек сол сөздің өзін сыртқа шығара алмайсыз. «Тілімнің ұшында тұр»,– деп құтыласыз.

1966 жылы Гарвард Университетінің психологтары Роджер Браун мен Дэвид Макнейл бұған қатысты өздерінің тәжірибелерін жасаған. Тәжірбие барысында тек сөздікті қолданған. Алғашқы екі топтағы адамдар нақты сөзді атап немесе білмейтіндерін анық айтқан. Ал, соңғы топ болса сәл кідіріс жасаған. Зертетушілер әлгі сөзге байланысты бірнеше сұрақ қойып, оған нақты жауап алғанымен сөзді есту мүмкіндігі оларға бұйырмады.

Адамның белгілі сұрақтарға байланысты, білімге қатысты жадында бірнеше ақпарат сақталуы мүмкін. Әр салаға қатысты ақпарат сіздің миыңызда түрлі бөліктерге бөлініп сақталады. Олардың айтылуы да ақпарат болғандықтан, оны бір бөлік өзіне сақтайды.

«Тілімнің ұшында тұр» – бұл ақпаратты алу кезінде туандайтын қателіктерден болады. Ғалымдар бұл амнезияның  уақытша белгісі ретінде қарастырады. Яғни, сіз белгілі бір уақыт аралығында бұл сөзді есіңізден шығарып аласыз. Амнезияға әсер ететін түрлі фактор бар: психологиялық, жастың ұлғаюы немесе химиялық заттардың әсері. Бірақ, дәл осы «амнезияға» ешқандай фактор әсер етепейді. Сіздің миыңыз керемет жұмыс жасап тұрған сәтте де, бұл орын алуы мүмкін.

«Тілімнің ұшында тұр» – деп сол кезде есіңізге түспеген сөздер, кейін есіңізге сап етіп түсе кетеді. Мұның адамның өміріне еш зияны жоқ. 

Т. Есқали