Сіз іздеген 20 жауап

Сіз іздеген 20 жауап
Фото: Архиновости

Михаил Литвак – әлемді мойындатқан психологтардың  бірі. Ол өзінің жұмыстарында адамдарды ажырата алуға, сонымен қатар өзіңді тануға әрекет ету керектігін сөз етеді. Көптеген өмірлік сұрақтың жауабын табуға септігін тигізетін психологтың 20 кеңесін ұсынбақпыз:

 – Ешкім ешкімді тастап кетпейді, жай ғана алға қадам басады. Ал артта қалған адам «мені тастап кетті» деген оймен өмір сүреді.
 – Ғылымның мәрмәр тасын мүжіген артық.
 – Депрессияға түскен адамда  өзін тануға мүмкіндік мол.
 – Егер адам өзі туралы жақсы ешнәрсе айта алмаса, өзгелерді жамандай бастайды.
 – Егер сіз өзіңіз туралы жақсы ойда болсаңыз, өзгелердің сіз туралы не ойлайтыны неге керек?
 – Не қалайсың сонымен айналыс. Рұқсат сұрама. Мүмкін, рұқсат бермейтін болар...
 – Түйсіксіз адаммен араласқаннан гөрі, кітаппен сырласқан әлдеқайда артық.
 – Жалғыздықты жақсы көру, оған төзу адам санасының дамығандығын көрсетеді. Өйткені, талантымыз жалғыздықта туады.
 – Мен сәттілікке бастар жолды білмеймін. Бірақ сәтсіздікке апаратын соқпақ – "бәріне ұнаймын" деген ой.
 – Ер немесе әйелдің ойлау жүйесі деген нәрсе жоқ. Тек жүйелі ойлау немесе ойлай алмау деген тұжырым бар.
 – Басты жауыңды білгің келсе айнаға қара. Соны жеңсең, өзгенің бәрі түк емес.
 – Достарыңмен уақыт өткізген жақсырақ, дегенмен, жауыңмен өткізген уақытың пайдалы.
 – Қарым – қатынасты үзудегі басты себеп – өз ортаңды таба алмау.
 – Санасыз адам біледі, бірақ қолынан келмейді. Саналы адам барлығын біледі, істей де алады. Сондықтан санасыз сынайды, саналы жұмыстанады.
 – Жақсылықты жауыңмен де, досыңмен де бөліс.
 – Бақыт іздеп әуре болма. Бақыттың орны – сенің жан-дүниең. Егер өз қабілетіңді дамытып, өзгеден ешнәрсе дәметпесең, бақыттың өзі саған келеді.
 – Бақыт  – сенің еңбегіңнің жемісі.
 – Біреуге өзіңді дәлелдеуге тырыспа. Сен өзің үшін өмір сүр.
 – Арман – біздің ішімізде жасырын жатқан қабілеттеріміздің сыртқы дауысы.
 – Сәтті қадам жаса: өкпе-наздың барлығы жоғалады.

Т. Есқали