Жұлдыз жорамал бойынша кімге қандай көлік лайық?

Жұлдыз жорамал бойынша кімге қандай көлік лайық?
Фото: mail.ru

Әр адамның өзінің ерекше мінезі, талғамы және мүмкіндігі бар. Талай уақыттан бері осы бір құбылысты зерттеген астролог мамандар жер бетіндегі жандардың қандай көлікке құмартатынын жұлдызнамасы арқылы топшылап көрген екен. Сонымен сіздің жұлдызыңыз бен зерттеген ғалымдардың ұқсастығы қандай екенін тексеріп көріңіз. 

Тоқтылар үшін автокөлік жылдамдық пен тәуекелді білдіреді. Мұндай жандар көбіне ашық түсті спорттық үлгідегі темір тұлпарларды таңдайды.

Торпақтар қымбат әрі сәнді көліктерді жақсы көреді. Олар автосалондардан алынған люкс тұлпарларға ерекше көңіл аударады. 

Егіздер де жылдамдықты жақсы көреді. Алайда, түрлі қимыл жасап, жылдам жетуге асық болғандықтан, кішкентай көліктерді таңдауға құмар. 

Шаяндар әу бастан отбасына қатты көңіл бөлгендіктен, әмбебап машинаны таңдайды. Бала-шағасын толықтай мінгізіп саяхаттауды жаны сүйеді.

Арыстан жұлдызнамасында туғандар мақтанғанды ұнатады. Таныстарының арасына барып, өзге де ортада көліктері бірден көзге түскенін қалайды. Сол себепті әрқашан А класындағы темір тұлпарларды алады. 

Бикештер үшін автокөліктің қатты бір рөлі жоқ. Тек, жететін жеріне жеткізетін, көп бұзылмайтын машина болса болғаны. 

Таразылар үйлесімділікті жақсы көргендіктен, оларға қымбат, ерекше формадағы әрі ыңғайлы көліктер қажет. Ақ немесе жасыл түсті көліктердің көбін таразылар таңдайды екен. 

Сарышаяндар өздерінің беделі мен абыройын көрсетуге құмар. Сондықтан жол талғамайтын көліктерді сатып алуға құштар екен. 

Мергендер саяхаттауды ұнатқандықтан, оларға тауға арналған көліктер жақын. Сонымен қатар мотоциклдерге де көңіл қояды.

Суқұйғыштар өзгеше автокөліктерге қатты қызығады. Ешкімде жоқ темір тұлпары болса, өзін жайлы сезінеді. 

Тауешкілер көптің арасынан бөлінуді қаламайды. Сондықтан олар үшін сенімді темір тұлпар қажет. Сол себепті қандай қиын жол кездессе де төтеп беретін автокөліктерді алуға тырысады.

Балықтар қиялшыл болады. Оларға автокөліктің қауіпсіз болғаны ауадай қажет. 

B. ZHAQSYMBET