Авто. Шанақ түрлері

Авто. Шанақ түрлері

Шанақ (Кузов) – Жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған көліктің құрамдас бөлігі. Шанақ көліктің рамасына бекітіледі. Рамасы жоқ шанақтардың түрлері де болады. Оларға көліктің қалған құрамдас бөліктері бекітіледі. Жеңіл көліктердің кең таралған шанақ түрлерін қарастырайық.

Минивэн – көліктің рөлі машинаның алдыңғы білігінің тура үстінде орналасқан, біркөлемді, жолаушыларды тасымалдауға арналған шанақ түрі. Бұл анықтамаға жапондық және корейлік көліктерді жатқызуға болады.

 

Кабриолет - жиналмалы төбесі бар шанақтың түрі. Жұмсақ жиналмалы тент пен шешілмелі бүйір терезелермен жабдықталады. Халықаралық классификацияға байланысты бұл көліктің бүйір терезелері түсірілмелі емес, шешілмелі.

 

Купе – екі немесе үш көлемді есіктері бар жолаушылар шанағы. Бір негізгі немесе бір негізгі және бір қосымша отырғыштар қатарымен жабдықталады.

Лимузин – жолаушылар шанағы, бірінші мен екінші қатарлардың арасында қорғаныс қалқасы болады. Германияда бұндай шанақты көліктерді Pullman деп атайды. Кейде лимузин деп құрамында 3 тен кем емес отырғыштар қатары болатын көлікті атайды.

 

Пикап – жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған шанақ түрі. Жүкті орнату платформасы ашық түрде орындалған. Көлік кабинасы мен жүк салғыш стационарлы қалқамен ажыратылған.

 

Родстер – ашық, екі орынды жолаушыларға арналған шанақ түрі. Алынбалы, жұмсақ төбесі болады.

 

Седан – үш көлемді, төрт есігі бар көлік шанағының  кең таралған түрі. Шет елдерде басқа атауларға ие: АҚШ - Sedan, Англия – Saloon, Франция – Berline, Германия – Limousine, Италия – Berlina.

 

Универсал – үлкен көлемді жүкті тасымалдайтын орны бар жолаушылар шанағы. Артқы отырғыштар қатарын алып тастауға болады. Соның салдарынан жүк салғыштың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Екі көлемді, артқы есігі бар шанақтың жүк салғыш орны жолаушылар салонынан қалқамен қоршалмаған.

Фургон –  шанағы жабық жүк көлігі. 2. Жүк пен жолаушыны тасымалдайтын көліктің шанағы. Жолаушы мен жүк орындары бір-бірінен қалқамен қоршалған. 80-90 жылдары қосымша отырғыштар мен бүйір тереземен жабдықталған көліктер үлкен сұранысқа ие болған. Басқа атаулары: Англия - Van, Германия - Kastenwagen,  Франция - Fourgonette. 

 

Хэтчбек – универсалға ұқсас шанақ түрі. Айырмашылығы еңкейтілген артқы есігінде, сондықтан жүк салғыштың көлемі де кішірек болады. 

 

Суреттер: giva.com