Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Классика / Авто. Бағдаршам жайлы

Авто. Бағдаршам жайлы

Авто. Бағдаршам жайлы

Жол жүру ережелерінің сақталуына жауап беретін бағдаршам жайлы не білесіз? Білмесеңіз, біз жауап берейік. Алғашқы бағдаршам 1868 жылы 10 желтоқсан күні Лондондағы Британия парламенті ғимаратының маңында орналастырылған. Бағдаршамды ойлап тапқан адамның есімі Дж. П. Найт. Найт теміржолда қолданылған семафорларды құрастырумен айналысқан маман еді. Алғашқы бағдаршамның екі ғана семафорлық қанаты болған. Колденеңінен орналасқан қанат "тоқта" дегенді білдірсе, 45 градус бұрышқа еңкейтілген белгі - "абайлап өтіңіз" дегенді білдірді.

Тәуліктің қараңғы мезгілінде газдың көмегімен жұмыс істейтін бағдаршам қолданылды. Бұл бағдаршамда сәйкесінше жасыл және қызыл түсті белгілер белгіленіп отырды. Бағдаршамдар жаяу жүргіншілерге жолдан өтуіне көмек беріп, көлік жүргізушілерін абай болуға шақырған. 1869 жылы 2 қаңтар күні газға толы бағдаршам жарылып, сынған шыны бағдаршамды басқарып отырған полицей қызметкерін жаралады.

Алғашқы электр бағдаршамын ойлап тапқан адамның есімі Лестер Вайр. Солт-Лейк-Сити тұрғыны АҚШ-тың Юта штатында дүниеге келген. Лестер өз өнертабысын екі электр жарықтандырғыш шамы ретінде құрастырғанымен, оған патент алуға үлгермеді.

Дихроматия ауруына шалдыққан адамдар түстерді тек олардың жарықтығына, яғни спектрі бойынша ғана ажырата алады. Жылы тондар спектріне қызыл, сарғылт және сары түстер кіреді. Ал суық спектрдің тізімінде жасыл, көк, күлгін түстер бар. Сондықтан да, бағдаршамды құрастырғанда түстерге осындай айрықша мән берген.

Бағдаршамның бір данасы 30 мыңнан 80 мың долларға дейін бағалануы мүмкін.

2008 жылы «Феррари» командасы жүргізушіге пит-стоп кезінде тоқтау мен жүру туралы бұйрықтарды бағдаршамның түстері арқылы беріп отырған. Бұл жүйе толығымен де механикалық тәртіпте жұмыс істегенімен, Сингапурда өткен Гран-При байқауында жүргізушілерді бір тәртіпке шақыру үшін бағдаршамды қолмен бағыттауға тура келді. Бағдаршамды басқарып отырған механик Массаға жүруге рұқсат беретін қате белгі көрсеткендіктен, жанармай құятын шланг үзіліп кеткен. Осы келеңсіз жағдайдан кейін, команда классикалық тақтайшаға қайта көшті.

Сурет: superomsk.ru

8352 1
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 19 наурыз 2012, 09:00
Пікірлер
+0
20 наурыз 2012, 14:14

бағдаршамның тарихын көргенім бар теледидардан

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...