Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ұрыстан қорқамын

Ұрыстан қорқамын

Ұрыстан қорқамын

Біреу жағадан алып ұрысса, әркім әртүрлі қабылдайды. Кей қыздар өз жауабы дұрыс болсын-болмасын, өзін ақтайды. Ал кейбірінің көз жасы әзір тұрады. Ал кейбірі тіпті үнсіз қалады. Соңғы топқа жататын қыздар не үшін үнсіз қалады?

Бірінші себеп. Ол қателік жібермегенін біле тұра, ұрыстың астында қалып, одан шығуды қиынсынады. Үстіне төніп келе жатқан қаһардан қорқады. Мұның арты не болар екен деп ойлайды. Ішкі күйзеліске түсіп кетеді, бірақ кейін біразға дейін үнсіз жүреді.

Кеңес. Өзіңіз бұл қасиетіңізді мінезге тән функция деп ойлайтын боларсыз. Бірақ, мұны алдыңызда тұрған адам сіз секілді ойламауы мүмкін. Ойласа, білсе, ұрыспай айтатын да еді. Сіз оның алдында қырсық болып көрінуіңіз әбден мүмкін. «Жауап берсеңші» дегенде үн қатпай, көзді жерге қадап тұрсаңыз, оның ызасы қайрала түсері анық. Сол себепті, барынша ашық болуға тырысыңыз. Сізге мұның қиын болып көрінері де сөзсіз. Ойыңызды жүйелеңіз. Асықпаңыз. Оқиғаның қалай болғанын және себебін түсіндіріңіз. Ол қойған сұрақтарға асықпай жауап беріңіз.

Екінші себеп. Қателік жібергенін біліп тұрса, өз кінәсін мойындап үндеместікке салынады. Басын төмен салып, «бұлай болмағанда ше?» деп өзге нұсқаларды ойлап, барлық жағдайға өзін кінәлі санайды.

Кеңес. Қапа болмаңыз! «Өмірде қате қадам жасау барлық адамға тән: қателігін түзеп, орнын жапқан адам – ақылды болмақ, ал қырсыққаны – ақымақ» деп римдік шешен Цицерон айтқан екен. Қатеңіздің орнын жауып, жақсылыққа жорыңыз.

Адам өзге тіршілік иелерінен сөйлей алатын қабілетімен ерекшеленеді. Сол себепті қандай жағдай болмасын адам өз ойын ашық айтуы тиіс. Өз қателігін мойындау да – өнер. Алдыңызда тұрған адам «Неге жауап қатпайсың?» десе қандай жауап айтасыз? Ашуын басқан соң, жаймен айтып көріңіз. Ол да сіздің психологияңыздан хабардар болуы керек. «Ұрысқанда қорқып қаламын», «үнім шықпай қалады», «ойым сан-саққа кетеді» деп анығын ашып айтыңыз. Бірақ «мен сондай екенмін» деп жабық күйде қалуға да болмайды. Бұл қасиетпен күресіп үйреніңіз. Жай әңгіме айтып отырмын деп салқынқандылықпен қабылдаңыз. Бұл адам да ет пен теріден, сүйектен жаралған. Бәрі жақсы болады.

Фото: vk.com
Қосылған күні: 15 сәуір 2016, 12:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.