Қателік - тәжірибе мен даналық арасындағы көпір

Қателік - тәжірибе мен даналық арасындағы көпір
Фото: Олег Пукас

Өмір деп осы күнге дейін жасаған әрекеттеріміз бен олардың нәтижесін, әр нәрседен алған әсерімізді айтамыз. Шын мәнінде ол сан алуан: бақыт пен қайғы, көз жас пен қуаныш, иелену мен жоғалту, айырылысу мен жолықтыру. Осының барлығы қатар жүреді. Ең бастысы, мұның барлығы ерекше әсер сыйлайды. Себебі қолда бардың қадірін білген кезде ғана жаңа сыйға ие боламыз. Ал сыйдың жақсы немесе жаман болуы өмірді қалай қабылдайтындығымызбен тікелей байланысты.

Дәл қазір өзіңіз қаламайтын жерде жүріп, жүрегіңіздің түбінде бір өксік жұлмалап, маза бермесе де, тығырыққа тірелсеңіз де, сіз – бақыттысыз. Өйткені бұл шын мәнінде қайда барғыңыз келетінін анықтауға, қайғыдан кейін нағыз бақыттың дәмін татуға, тығырыққа тірелген кезде керегені бұзып, өмірдің ары қарай жалғасатындығына көз жеткізуге көмектеседі.

Көп жағдайда махаббаттың ғұмыры ұзаққа бармайды. Біз дана қария болып туылмаймыз, алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз. Тіпті «мәңгілік» деген сөздің түп төркінін түсінбейміз. Бірақ махаббатты сезінеміз. Бұл сезім өзімізге сай беріледі. Ол біздің еркіндігімізбен немесе қорқыныштарымызбен нығая түседі.

Қайтарымына бірнәрсе берсең, мен сені сүйетін боламын. Сенім артуға лайық екеніңді дәлелдесең, мен саған сенетін боламын. Құның бар екенін көрсет, мен сені бағалай түсемін. Осының барлығы сезімде, сүйіктіңізбен, туған-туысқандарыңызбен, дос-жарандарыңызбен қарым-қатынаста көрініс табады.

Сырласқан кезде, оның жан-дүниеңізге ерекше жақын екенін сезінетін адамдар болады. Әлеуметтік желідегі таныстықтарды артта қалдырып, көп нәрсені мойындайсыз. Сол кейбір адам деп отырған жанға бауыр басқан кезде, оған жан-дүниеңізді ашасыз. Өзге айтуға ұялатын қорқыныштарыңыз бен қиыншылықтарыңызды айтып бересіз. Оның да сырын ұққыңыз келгендіктен, ұзақ уақыт отырып сырласасыз.

Қымбат дүние-мүлкі, ұсынар сыйы жоқ адамдар да болады. Ол сізді ешнәрсесіз құмарта білмесе, жәй ғана адам болғаны. Сіз онымен қарым-қатынаста боласыз, бірақ махаббатты сезінбейсіз. Не туралы айтып жатқанымызды кей адам ғана ұғынады...

Екі адам арасындағы адал махаббаттан артық сезім жоқ. Ол махаббат ана мен бала, достар, жігіт пен қыз арасында болуы мүмкін. Қай махаббат болса да, ол - үлкен тәжірибе. Мүмкін бұл махаббаттан айырылып қаларсыз, мүмкін арттарыңыздан ұрпақ, кітап пен өлең, тәтті естеліктер қалар. Қандай жағдай болмасын, ол сезінуге лайық тәжірибе екенін ұмытпаңыз.

Өмір, мен сені сүйемін!

Қ. Бүйенбай