- Негізгі бет
- Психология
- Таразылар қандай болады?...
Таразылар қандай болады?
Таразылар – 24 қыркүйек мен 23 қазан арасында дүниеге келген адамдар. Осыған дейін торпақ, тоқты, арыстан, егіздер, балықтар мен бикештер туралы жазған едік, енді таразылар туралы аз-кем мәлімет ұсынамыз.
Таразылар өнер мен үйлесімділікке ұмтылғыш болады. Олар – кеңпейіл, адал жандар. Жұмыста пысық болады, достар арасында еті тірі, махаббатқа шын жүрекпен беріледі. Таразы – нағыз әртіс. Оны бір көрген адам ұзақ уақыт есінен шығара алмайды. Кез келген істе биікке өрмелеуге тырысады.
Мансап
Бұл жандар кез келген ұжымға сіңісіп кете алады. Әріптестерін сыйлайды. Осы қасиетінің арқасында адамдар ол жайлы жақсы пікір айтады. Таразы кез келген мәселенің шешімін таба алады. Кез келген мақсатқа жете алады. Барлық мәселенің тепе-теңдігін іздеп табуға ұмтылады. Туындаған проблеманы жұмсартып, ұрыс-керісті баса алады. Бір қалыпты жұмысты мүлде басқа бағытқа бұрып жібере алады. Таразы – талапты, пысық, ойы ұшқыр.
Махаббат
Ер-таразы
Бұл сері өзінің сүйіктісіне жоғары талап қояды. Оның барлық кемшіліктерін, жалған сөздерін, айласын дер кезінде біліп отырады. Кейде сыңарының қателіктерін іздеуге тырысады. Қыз бен жігіт болып жүрген кезеңде жомарттық танытып, серілік мінезімен қыздың жүрегін жаулап алады. «Қақпанға» түсіргенін түсінгенде сүйіктісінің мінез-құлықтарын зерттеуді бастайды. Таразының сүйіктісі ұрыс-даудың алдын алуға тырысуы керек. Сонда отбасында береке, тыныштық пен сүйіспеншілік орнайды.
Әйел-таразы
Бұл ару ерінің биікке өрлеп, өзін шыңдауға тырысқанын қалайды. Үнемі дамуға тырысатын жарды іздейді. Үнемі сүйіктісінің назарында болғысы келеді. Өзін бағалап, шын сүйгенін қалайды. Мұндай жан үшін ол барлығына дайын. Өмірде тепе-теңдікке ұмтылады, демек сыңарының махаббатын жауапсыз қалдырмайды, адал болуға тырысады. Өмірлік жарын ең алдымен ақылмен, сосын жүрекпен таңдайды.
Достық
Таразылар достық қарым-қатынасқа салқынқанды қарайды. Ауыр жағдайда тастап кетпейді, бірақ тәулік бойы жаныңызда отырады деп күтпеңіз. Қиын кезде қарызға ақша бермеуі мүмкін, бірақ сол ақшаны еңбекпен табуға мүмкіндік тауып береді. Олар салмақты кеңес бере алады. Туындаған мәселені түбірінен зерттейді, сол себепті шешімін де тез табады. Таразы кез келген ортада өзіне орын таба алады. Жеңіл әзілімен кез келген адамның сенімін жаулап алады.
Біреудің ауыр, дөрекі сөзін көтермейді. Ұрыс-даудан аулақ болуға тырысады, сондықтан оларды көбі тәкаппар деп санайды. Өткір тілі мен ойшылдығының арқасында көптеген дауды шешіп, жанжалды баса алады.
Жұлдыздарға тән қасиеттерді өзгерту әркімнің қолынан келеді. Сол себепті өмірде, жұмыста бөгет жасайтын әдеттерден арылып, жақсы қасиеттерді дамытуға тырысыңыз.
Ф. Абилова