Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тоқтылар қандай болады?

Тоқтылар қандай болады?

Тоқтылар қандай болады?

Тоқтылар – 21 наурыз бен 21 сәуір арасында дүниеге келген адамдар. Осыған дейін арыстан, егіздер, балықтар мен бикештер туралы жазған едік.

Тоқтылар уақытын қызықты өткізуді қалайды. Мойнына алған міндеттерді тез әрі толық атқаруға тырысады.

Тоқты жұлдызында туғандар – ерекше позитивті жандар. Кез келген қоғамдық ортаға бейімделе алады. Олар көп арызданғанды ұнатпайды. Жоспары орындалмаса, еш қапаланбайды. Тек ең ауыр деген жағдайда ғана уайымдауы мүмкін.

Олар оптимизмді «насихаттайды». Қиын жағдайға тап болса да, өзін де, өзгелерді де сабырға шақырып, мәселені шешуге тырысады. Тоқтылар достарын жұбата да біледі. Жақындарын ауыр жағдайда жалғыз тастамайды. Өзгенің құпия, сырларын сақтай алады.

Егер тоқтыларды біреу ренжітсе, олардың кешіруі екіталай. Мұндай жағдайда тоқтылар бір орыннан жылжымай, сізге қарамай қоюы да мүмкін.

Тоқтылар бар ойын жасырмай айта алады. Шындықты айту керек жерде ешкімнің көңіліне қарамайды. Өзгелердің де шынайы болғанын талап етеді. Өзін алдаған адамды кешіруі екіталай.

©Асхат Қазиев

Тоқтылар – тәуелсіз жандар. Түннің ортасында жалғыз қалса да, біреуден көмек сұрамайды. Қайғы-мұңын жалғыз көтереді. Тағдырдың жіберген сынақтарынан ешкімнің көмегінсіз өту керек деп санайды. Сондықтан тоқтының ауыр халде екенін көрсеңіз, көмек ұсынғаныңыз жөн.

Тоқтыға сенуге болады. Олар біреудің үміті мен сенімін аяқ астында қалдырмайды.

Олар ақшаны ақылмен жұмсайды. Қатты үнемшіл емес. Біреу қарызға ақша сұраса, көп ойланбай, беруге дайын.

Жақын адамның туған күніне ең бағалы сыйлық бере алмаса, өзін ыңғайсыз сезінеді. Өз үйінде артық зат ұстамайды. Тек керек-жарақты алуға дағдыланған.

Тоқтылар өзіне жоғары талап қояды. Биік мақсаттарға жетуге ұмтылады. Көп танып, оқуға құштар. Мұндай ұмтылысының нәтижесінде денсаулығы нашарлауы мүмкін. Себебі мақсатқа жету жолында өзіне қарауды ұмытып кетеді.

Тоқты – ерке, шыдамсыз, ашушаң болғанымен, игі қасиеттері екі есе көп. Сондықтан көбі тоқтының досы болуға ұмтылады.

Дайындаған: Фариза Абилова
Фото: Евгений Прокопенко
Қосылған күні: 01 қыркүйек 2015, 17:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.