Қарттың сөзін тыңда, жарығым #2

Қарттың сөзін тыңда, жарығым #2
Фото: Жандос Дінмұхамедов

Өмірді мәнді етіп өткізу үшін қандай қағидаларды білу керек?

Басы

7. Мақсаттарыңызды кейінге қалдырмаңыз

Үй салғыңыз келе ме? Кітап жазғыңыз келе ме? Ғылыми дәреже не екінші білім алғыңыз келе ме? Мансапты өзгертуді қалайсыз ба? Белгілі бір музыкалық аспапта ойнауды үйренгіңіз келе ме? Кәсіпкер болуды армандайсыз ба? Бүгіннен бастаңыз, ертеңге, 5 жылға, 10 жылға қалдырмаңыз. 30 жастан кейін уақыт зулап өтеді. Мақсатқа жету үшін бүгіннен бастап әрекеттеніңіз.

8. Ұйқыны қандырыңыз

Күнде бір уақытта ұйықтап, бір уақытта оянуға тырысыңыз. Шамамен 7-8 сағат ұйықтаңыз.

9. Тісіңізге күтім жасаңыз

Жас қосылған сайын тісіңіз бұзыла бастайды. Мұның алдын алу үшін дер кезінде тазартып, емдеп, күтім жасап тұрыңыз.

10. Зат емес, естелік жинаңыз

Өмірлік тәжірибе – сіздің тұлғалық қасиеттеріңіз. 50 жаста дүниесі мол, бірақ тәжірибесі жоқ адамдар болады. Естеліктердің құны өзгермейді. Дүние, зат, ақша жинау – бір бөлек, естелік жинау – бір бөлек.

11. Игі іс

Жақындарыңызды, туыстарыңызды қуантуға тырысыңыз. Мұқтаж жандарға көмектесіңіз. Олардан жауапты күтпеңіз, талап етпеңіз. Қайтарымды күтпей жасалатын игі іс сізді бақытты етеді.

12. Қызығушылық – жақсы қасиет

Демалыс күндері бұрын соңды болмаған жерге барып, сурет түсіріңіз. Демалыңыз. Жаңа жерлерді танып, қыдырып, (құлаққапсыз!) уақыт өткізіңіз. Белгісіз нәрсеге деген қызығушылық – жақсы қасиет. Ол адамды дамытып, көп нәрсені біліп-тануға көмектеседі.

Ф. Абилова