Қарттың сөзін тыңда, жарығым

Қарттың сөзін тыңда, жарығым
Фото: Тұрар Қазанғапов

50-ден асқан аға-апаларымыз кейінгі ұрпаққа қандай өсиет айтар еді? Ғасырдың жартысын жасаған адам жас қауымға өмірде пайдалы болатын қандай кеңес ұсынады?

1. Темекіні тастаңыз

Шылым шегу деген не? Біріншіден, бұл қымбат. Екіншіден, жағымсыз иіс шығарады. Үшіншіден, денсаулыққа зақым ететіні 100 пайыз анық. Қанша жасқа келсеңіз де, темекіні тастау кеш емес. Керісінше, бұл мақаланы ашып, осы жолдарды оқып отырғаныңыз тастай алатыныңыздың белгісі болар?

2. Ата-анаңызбен, бауырларыңызбен қарым-қатынасты үзбеңіз

Кейде адамдар сөзге келіспей жатады. Кейде пікірлері сәйкес келмей, үлкен дау туындайды. Кейде бір реніш үшін жылдар бойы араласпауға тырысады. Қандай мәселе болмасын, жақындарыңыздан алшақтамауға тырысыңыз. Отбасылық қарым-қатынас – сіздің өміріңіздегі ең басты байлық. Есейе келе, бұған көзіңіз жететіні сөзсіз.

3. Күннен қорғайтын иісмай

Әжім, жұқарған, қабыршақтанған, құрғақ бет терісінің алдын алу үшін күннен қорғайтын иісмай жағып жүріңіз.

4. Спортпен шұғылданыңыз

Жас кезіңізден бастап спортпен айналысатын болсаңыз, 50 жасқа келгенде деніңіз сау, рухыңыз мықты, көңіл-күйіңіз жақсы болады. Физикалық жаттығу жасап жүріңіз. Ағза мен дене сымбатын қараусыз қалдырмаңыз.

5. Ақша үнемдеуді бастаңыз

Мұны сіз талай рет естіген боларсыз. 20 жастан бастап ақша үнемдеп, жинаған адам 30 жасында қомақты қаржы иесі бола алады. Кішкентай сома болса да, ай сайын ақша жинауға тырысыңыз.

6. Барға қанағат етіңіз

Дәулет, даңқ, табыс бақытпен тең келе алмайды. Үнемі арыз айтып, қанағатсыз болсаңыз, өмір бойы бақыттың не екенін сезбей өтуіңіз мүмкін.

Жалғасы

Ф. Абилова