Смартфон адамнан да қымбат па?

Смартфон адамнан да қымбат па?

Қоғамда өзекті болған мәселенің бірі – смартфонның сана мен уақытты жаулап алуы. Адам телефонын бір тексеріп шығу үшін уақытын да, жанындағы адамдардың сөзін де қиюға дайын.

Смартфон өмірімізді қалай өзгертті?

Әріптес, дос, құрбымыздың әңгімесін тыңдап отырып, кенеттен телефонды қалтадан шығарып, желілерді аралап кетеміз. Таныс жағдай ма? Әрине, қазір бұл әр адамның әдетіне айналған.

«Тыңдап отырмын, айта бер» деп, екі көзі телефонда, саусағы дисплей бетінде жүзіп отырған адамға әңгімені жалғастырғың келе ме? Әрине, жоқ. Назарсыз қалған адам бұған ренжімейді де. Себебі, бұл – әдеттегі жағдай болып қалған. Өзі де осы әрекетті қайталайтынын бейсаналы түрде біледі.

©Болат Сырымов

Кешкі кездесуде бес-алты адамның басы қосылса, осыдан 5-10 жыл бұрын болатын ойын-күлкі де жоқ. Мастанып, билеп, төбелесетін де жағдайлар азайған. Неліктен? Қазір бәрі смартфонның құлы болды. Жиынға келіп, не істеп, не қойғанын білмей қайтатын адамдар бар. 

Телефонды қалтаға салып: «Кездесу аяқталғанша қолыма алмаймын» деп өзіне-өзі уәде беріп, әңгіме бәсеңдегенде смартфонын қалай ақтарып отырғанын аңдамай қалатындар бар. Бүгін әлеуметтік желілерге кірмеймін деп, түске дейін ғана шыдап, «Мұның не керегі бар еді? Кімге зияным тиіп отыр?» деп, уәдесін бұзады.

Әрине смартфонның зиянынан пайдасы көп-ақ. Ол бізге қажетті ақпаратты лезде тауып бере алады, адасқан жерімізден тура жолға сілтеп, маңызды құжаттарды кеңсеге жүгірмей-ақ, табуға, үйден шықпай-ақ кешкі асқа тапсырыс беруге, ешқайда ұшпай-ақ сирек тауар алдыртуға, жақындарыңызбен күні бойы сөйлесіп, хабар алмасуға көмектеседі. Біз смартфон мүмкіндіктерін мойындаймыз. Бар болғаны, жаныңыздағы адамның сөзін мұқият тыңдап, шын көңілмен әңгімелесу этикасын ұмытпауға шақырамыз.

Жақындарыңыздың әлі қанша уақыт жаныңызда болатыны ешкімге белгісіз. Қай сәттің соңғы сәт екенін біле алмаймыз. Қай мүмкіндік өмірімізде қайталанатынын білмейміз. Сондықтан өмірдің әр сәті маңызды екенін ұмытпаңыз. Жақындарыңызға қамқор болыңыз.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Әлемдегі ең қауіпті елдер
Әлемдегі ең қауіпті елдер
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды