От негізділер қандай болады?

От негізділер қандай болады?
Фото: Альбина Хан

Негіз адамның қасиеттері мен мінезінен хабар береді. Әдетте, бір негізді адамдар жақсы тіл табысады. Сол себепті, көбінесе бір-бірін дос, құрбы, серік, жар етіп таңдап жатады.

Бүгін біз от негізді тоқты, арыстан және мерген жайлы әңгімелейміз.

От - қуат, белсенділік пен іс-әрекеттің символы. Бұндай негізді адамдар көбіне холерик және сангвиник болады. Олар – белсенді, энергиясы мол, жұртпен жақсы тіл табыса алатын және жетекшілік ете алатын қасиеті бар жандар. От негізділер тәуелсіз әрі мақсаттарына берік. Мүмкіндікті жіберіп алудан қорыққандықтан, тез шешім қабылдап, бірден жұмысқа кірісе жөнеледі.

От негізділер – романтикаға жақын, сезімін ашық білдіре алатын жандар. Дегенмен, олар сыңарына тәуелді болғысы келмейді. Сол себепті, тоқты, мерген және арыстан өз даралығын сақтап қалады. Егер кімде кім олардың жолын бөгесе, сол адаммен сөзге келіп, кетіп қалуы ғажап емес.

Басқаларға кедергі болмайды, керісінше, шабыттандырады. Жақындарына талап қоймайды. Жетекшілік ете алады. Бірақ өзіне бағынғысы келмейтіндерді қинамайды.

Тоқты – от негізділердің ішіндегі ең батылы, ержүрегі. Өмірде өз орнын ойып тұрып ала алады. Алайда алдына он, жиырма жылдық мақсаттарды қоймайды.

Арыстан – ең байсалды, салмақты адамдар. Ол өзіне сенімді болғандықтан, ешқашан асықпайды. Себебі, керек жерге дер кезінде жететінін біледі.

Мерген – тұрақсыз жұлдыздардың бірі. Ол тек болашақпен өмір сүруді қалайды. Алдына он, жиырма жылдық мақсаттарды қоя алады. Алайда, ол мақсаттары жиі ауысып тұруы мүмкін. Бірақ, бастысы олар өздеріне не керек екенін біледі.

Ф. Абилова