Ауа стихиясында туғандар қандай болады?

Ауа стихиясында туғандар қандай болады?
Фото: Гаухар Зукенова

Егіздер, таразы мен суқұйғыш жұлдызында туған адамдар ауа стихиясына бағынады деп саналады. Бұл астрология ілімінің теориясы. Жалпы стихиялар төртеу болады: ауа, су, от және жер.

Ауа – бәрінің бастауы. Ол белсенділік, жеңілдік, тәуелсіздік пен қарым-қатынас секілді ерекшеліктерге ие.

Таразы жұлдызымен туған адамдар ерекше талғампаз, эстет, әдепті болып келеді. Олар адамдарды жақсы таниды. Шығармашыл, талантты болады. Олар ішкі гармониямен үндесе біледі. Кез келген жағдайдың шешімін тез таба алады. Ұжымды басқара алатын қасиетке де ие.

Алайда біреудің қысымымен ештеңе жасамайды. Егер оған бір нәрсе ұнамаса, қолынан келетін болса да істеуден бас тартады. Олар мақтау сөздер естуді жақсы көреді.

Таразы өте шыдамды, сабырлы. Алайда мұны пайдаланып, оларды ызаландыруға болмайды. Себебі олар сөзбен-ақ тіліп өтуі мүмкін.

Егіздер тез ойланып, тез шешім қабылдайды. Коммуникацияға аса қабілетті әрі математикаға үйір. Өздеріне серік, жолдас болатын адамдарды оңай таба алады. Сонымен қатар оңай жоғалтады да деуге болады. Олар біркелкі өмір сүре алмайды. Үнемі оқып, дамып отыруды жөн көреді.

Суқұйғыш талантты, шығармашыл адамдардың қатарына жатады. Олардың ой-өрісі кең болғандықтан, бір нәрсе ойлап табуға қабілеті мол. Оны тыңдап, қолдап, қошеметтейтін «көрермендері» болуы керек. Сол себепті жұрттан озып, ерекшеленуге тырысады.

Суқұйғыш өзгелермен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысады. Өз талантын пайдалана біледі. Әдетте олар биші, суретші, музыкант не жазушы болуға қабілетті.

Ал сіздің жұлдызыңыз қандай?

Ф. Абилова