Бір жұлдызда туғандардың да мінезі әртүрлі

Бір жұлдызда туғандардың да мінезі әртүрлі
Фото: www.lawstyle.ru

Көбіне адамның мінезі туған жұлдызнамасына байланысты болып келеді. Бірақ кейде бір жұлдызда туса да, мінездері өзгеше адамдарды байқаймыз. Ол оның туған күніне де байланысты екен. Сонымен бірге жұлдызнамасы адамның жарасатын жұбын анықтауға да көмегі тиеді.

Тоқты

Қызметі – сатушы, механик, заңгер.
Әлсіз жері – бас, мұрын, көз.
Жағымды – ашық қызыл, аспан көк, жылтырақ түс.
Жағымсыз – сия көк.
Қажет – қанағат, шыдамдылық.
Қажетсіз – бірбеткейлік, ішкілік.
Қалыптасуы – ересек кез.
Үйлеседі – Арыстан, Егіздер, Мерген.
Үйлеспейді – Тауешкі, Шаян, Балықтар, Сарышаян.
Наурыздың 21-31 аралығында туған тоқтылар батыл, күшті, тәуекелге жақын, сезімге ыстық келеді.
Сәуірдің 1-11 аралығында туғандар өркөкірек, кеңпейіл, басқаруды жақсы көретін, махабатты қажеттілік қана деп есептейтіндер.
Сәуірдің 12-20 дейінгі аралықта туғандар сезімтал, шабытты, өнерді түсінеді.

Торпақ

Қызметі – аспаз, тоқымашы, малшы, тілші.
Әлсіз жері – тамақ, желке.
Жағымды – сары, ашық көк.
Жағымсыз – қызыл.
Қажет – өмірге құштарлық, жұмсақтық.
Қажетсіз – бірбеткейлік, құмарлық.
Қалыптасуы – өмірінің ең басы мен соңы.
Үйлеседі – Бикеш, Шаян, Балықтар, Тауешкі.
Үйлеспейді – Арыстан, Суқұйғыш, Тоқты.
Сәуірдің 21-мамырдың 1-не дейінге туған торпақ ақылды, сауда мен диханшылыққа бейім, уайымшыл болады.
2-11 мамырда туғандар қиялшыл, батылсыз. Саясат пен әдебиетке жақын.
12-20 мамыр аралығында туғандар жалғыздық сүйгіш, кедейліктен қорқатындар.

Егіздер

Қызметі – кәсіпқой, журналист, әртіс, ғалым.
Әлсіз жері – иық, қол.
Жағымды – сия көк, сұр.
Жағымсыз – жасыл.
Қажет – мақсаттылық, өзін ұстай білу.
Қажетсіз – боркемік, жасық болу.
Қалыптасуы – 21-28 жаста басталып, 56-63 жаста аяқталады.
Үйлеседі – Таразы, Суқұйғыш, Арыстан, Егіздер.
Үйлеспейді – Балықтар, Бикеш, Мерген.
21-31 мамыр аралығында туғандар ақылды, сезімтал. Ақша мен атақ болмағасын діндар болуы мүмкін.
1-10 маусым аралығында туғандар сотқар, мысқылшыл, шыдамсыз.
11-21 маусым жүгенсіз, билікқұмар, ашушаң, менмен, мылжың.

Шаян

Қызметі – бағбан, тігінші, психолог.
Әлсіз жері – өкпе, ішек-қарын.
Жағымды – ақ, көк.
Жағымсыз – сұр.
Қажет – сенім мен сезім тепе-теңдігі.
Қажетсіз – мешкейлік, ашушаңдық.
Қалыптасуы – 14-70 жас.
Үйлеседі – Торпақ, Сарышаян.
Үйлеспейді – Таразы, Тауешкі.
22 маусым-1шілде аралығында туғандар мейірімді, сезімтал, өнерге бейім, айналасына ұнай біледі.
2-11 шілде жеңіл, мысқылшыл, саудаға бейім.
12-22 шілде қиялшыл, тынымсыз, сезімтал.

Арыстан

Қызметі – саясатшы, журналист, әртіс.
Әлсіз жері – жүрек, арқа, қуық.
Жағымды – қара, қызыл.
Жағымсыз – ақ.
Қажет – сақтық, әдептілік.
Қажетсіз – асығыстық, менмендік.
Қалыптасуы – 15-21, 28-35 жастарда ізденіс, 52-59 жас қалыптасу.
Үйлеседі – Егіздер, Таразы, Мерген.
Үйлеспейді – Торпақ, Суқұйғыш.
23 шілде 3 тамыз аралығында туғандар күшті, албырт, жалғыздық пен бұйрықты жаны сүймейтін болып келеді.
4-12 тамыз кінәмшіл, есті, жол-жоралғыны білетін, салтанатты сүйетін болады.
13-23 тамыз күшті, бағына да бағындыра да біледі. Ақылы күшіне сәйкес.

Бикеш

Қызметі – инженер, фермер, дизайнер.
Әлсіз жері – ішек-қарын, жүйке.
Жағымды – ақ, аспан көк, сия көк.
Жағымсыз – жоқ.
Қажет – дүниетанымды кеңейту, жанжақтылық.
Қажетсіз – қазымырлық, майдалық.
Қалыптасуы – 22-28 жас арасында басталып, 35-49 жас аралығында аяқталады.
Үйлеседі – Арыстан.
Үйлеспейді – Торпақ, Сарышаян, Таразы, Тоқты.
24 тамыз-2 қыркүйек аралығында туғандар сезгіш, тыныш, отырықшылыққа бейім.
3-11 қыркүйек ұялшақ, тұйық, махаббатқа тұрақты.
12-23 кыркүйек аралығындағылар тапқыр, кейде жалқау, көбінесе кеш үйленетіндер.

Жалғасы бар...

Ұқсас жазбалар:

Өз-өзіңе қараудың тағы бір тәсілі

Тест: "Қай жолды таңдадыңыз?"

@. @assel_assanova