Бір жұлдызда туғандардың да мінезі әртүрлі #2

Бір жұлдызда туғандардың да мінезі әртүрлі #2
Фото: rustudent.com

Көбіне адамның мінезі туған жұлдызнамасына байланысты болып келеді. Бірақ кейде бір жұлдызда туса да, мінездері өзгеше адамдарды байқаймыз. Ол оның туған күніне де байланысты екен. Сонымен бірге жұлдызнамасы адамның жарасатын жұбын анықтауға да көмегі тиеді.

Басы

Таразы

Қызметі – заңгер, сатушы, модельер.
Әлсіз жері – бөтеке, жүйке.
Жағымды – қара көк, жасыл.
Жағымсыз – жоқ.
Қажет – батылдық.
Қажетсіз – қызғаныш, жігерсіздік, темекі, арақ.
Қалыптасуы – 35-56 жас аралығы.
Үйлеседі – Егіздер, Арыстан, Суқұйғыш, Қошқар, Мерген.
Үйлеспейді – Балықтар.
24 қыркүйек-2 қазан аралығы нәзік, мейірімді, қиялшыл.
3-13 қазан ақылды, қарапайым, өркөкіректенбей өмір сүргенді қалайды.
14-23 аралығындағылар жақсы тамақтануды, әдебиетті, салтанатты сүйеді.

Сарышаян

Қызметі – теңізші, механик, химик.
Әлсіз жері – қуық, жұлын, тік ішек.
Жағымды – жасыл, сары, алқызыл.
Жағымсыз – жоқ.
Қажет – өмірге бейімділік.
Қажетсіз – кінәмшілдік, қызғаныш.
Қалыптасуы – 28-42 жас аралығы.
Үйлеседі – Тауешкі, Балықтар, Шаян, Бикеш.
Үйлеспейді – Суқұйғыш, Тоқты, Арыстан, Мерген.
24 қазан-2 қараша емдеуге бейім, жасында батылсыз, ересек кезінде қайратты.
3 қараша мен 13 қарашаға дейінгі аралықта туғандар күшті, ләззат құмар, көшбасшы, жігерлі, кеңпейіл.
14-22 қараша аралығындағылар ғашық болғыш, әртістік қабілеті бар, ләззат құмар болып келеді.

Мерген

Қызметі – дәрігер, инженер, заңгер, молда.
Әлсіз жері – саны, буындары.
Жағымды – сия көк, аспан көк.
Жағымсыз – жоқ.
Қажет – әдептілік, табандылық.
Қажетсіз – темекі, желөкпелік.
Қалыптасуы – 35-56 жас аралығы.
Үйлеседі – Балықтар, Егіздер, Бикеш, Арыстан.
Үйлеспейді – Тоқты, Шаян.
23 қараша мен 2 желтоқсанға дейінгі аралықта туғандар батыл, тәуелсіз, спорт пен аңшылыққа қызығатын, өзіне сенімді.
3-12 желтоқсан қиялшыл, сапар шегуді ұнататын, құбылмалы мінезді.
13-21 желтоқсан табанды, дүние мен тамақты сүйетін, тамақты жалғыз ішкенді ұнататындар.

Тауешкі

Қызметі – фермер, конструктор, заңгер.
Әлсіз жері – тізе, тері, қаңқа сүйектері.
Жағымды – қара көк, жасыл, қара.
Жағымсыз – жоқ.
Қажет – өмірге құлшыныс.
Қажетсіз – өзімшілдік, уайымшылдық.
Қалыптасуы – 14-21 жаста басталып, 56-да аяқталады.
Үйлеседі – Бикеш, Торпақ, Балықтар, Сарышаян.
Үйлеспейді – Суқұйғыш, Арыстан.
22 желтоқсан-2 қаңтар аралығында туғандар байсалды, есеппен, дүниемен атақ жинап, кейін айырылып қалуы да мүмкін.
3-13 қаңтар үйкүшік, айналасына жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін.
14-20 қаңтар іскер, қуатты, сезімтал, кейде торығуға бейім.

Суқұйғыш

Қызметі – кино-телерадио саласы, ағарту.
Әлсіз жері – жүйке, балтыр, қан тамырлары.
Жағымды – сұр, сия көк, жасыл көк.
Жағымсыз – қара.
Қажет – мейірімділік, сезімталдық.
Қажетсіз – орынсыз ұрыну, темекі, арақ.
Қалыптасуы – 21-28 басталып, 56-63 жаста аяқталады.
Үйлеседі – Егіздер, Таразы, Мерген.
Үйлеспейді – Сарышаян, Торпақ, Арыстан, Тауешкі.
21 қаңтар-1 ақпан ұялшақ, инабатты, махаббатты қадір тұтатын жандар.
2-12 ақпан аралығында туғандар ақылды, нәзік, атаққұмар, әзілге бейім болып келеді.
13-20 ақпан ұстамды, ұяң, шыншыл, түңілгіш, сезімтал.

Балықтар

Қызметі – дәрігер, етікші, мұғалім, молда.
Әлсіз жері – табан, бармақ, жүйке.
Жағымды – сия көк, қызғылт, ақ сұр.
Жағымсыз – жоқ.
Қажет – жігері мен дүниетанымын жетілдіру.
Қажетсіз – құмарлықтың құлы болу, ішкілік.
Қалыптасуы – 17-де басталып, 35-49 жаста аяқталады.
Үйлеседі – Торпақ, Шаян, Тауешкі, Сарышаян, Бикеш.
Үйлеспейді – Тоқты, Арыстан.
21 ақпан-1 наурыз аралығындағы орындалмайтын нәрсені армандайтын, жағымсыз, жалғыздыққа құмар.
2-11 наурыз абырой, атаққа салтанатқа құмар, адал, кеңпейіл болып келеді.
12-20 наурызға дейінгі аралықта туғандар көпшіл, елгезек, қызметке даяр, көңіл көтергенді қалайды.

Ұқсас жазбалар:

Шешім қабылдай аласыз ба? (Тест)

Арудың мінезі ұнататын гүліне байланысты

@. @assel_assanova