Өз-өзіңе қараудың тағы бір тәсілі

Өз-өзіңе қараудың тағы бір тәсілі
Фото: vitaportal.ru (өңделген)

Адам өмір бойы өзін тануға ұмтылады. Ол үшін неше түрлі психологиялық тест, құралдар қолданып жатады. Нәтижесінде өзі туралы жақсы қорытынды шықса, марқайып, сол қалпынан танбауға тырысады, ал нашар қорытындыға сенгісі келмейді. Шын мәнінде бойындағы бар кемшілігін көрсетсе, оны түзетуге талпынады. Ал бүгін сіздерге өз ішіңізге үңілудің тағы бір тәсілін ұсынамыз.

Алдымен үлкен парақ аламыз. Бала кездегідей, үстіне алақанды қойып, білекті қоса қаламмен бастырып шығамыз. Дәл суреттегідей болу шарт емес, бастысы саусақтарыңызды мейлінше алшақ қойсаңыз болды. Яғни біз алақанымыздың сұлбасын қағазға түсірдік. Енді әр саусақ ұшын әріптермен белгілейміз. Ең кіші саусақ, шынашақ ұшы – (Ә), бас бармақ – (А), ортаңғы саусақ – (В), сұқ саусақ (Г), аты жоқ саусақ – (Б). Сызғыш арқылы екі нүктені қосып, (ӘА) кесіндісін аламыз. Ортаңғы саусақ – (В) нүктесінен АӘ кесіндісіне медиана түсіреміз. Қиылысқан нүктені (О) деп белгілейміз. (О) нүктесін сұқ саусақ (ОГ) және аты жоқ саусақ (ОБ) ұштарымен қосамыз. Білекке ең жақын нүктелерді (Ғ) және (Д) деп белгілейміз де, О нүктесімен қосамыз. Кесінділерді өлшеп (көзбен де мөлшерлеуге болады), ең ұзын кесіндінің жауабын оқимыз.

(ОА) – сіз туа біткен билеушісіз. Сіздің орныңыз мемлекеттік билік басында. Артықшылығыңыз – өзіңізді қоршаған адамдардан бір саты жоғары тұрасыз.

(ОГ) – сіз жауынгерсіз. Стихияңыз – шайқас. Кез келген жерде шайқасқа дайын тұратын қасиетіңізді орнымен қолдансаңыз, жапа шекпейсіз.

(ОВ) – жұмысыңыз рухани көшбасшылықпен байланысты. Айналаңыздағы адамдарды әрдайым адамгершілікке үндеп жүресіз.

(ОБ) – әртістік қабілетіңіз жоғары. Егер жауынгерлік жол таңадасаңыз, атаққұмарлық ниетіңіз күйреп, болашағыңыз бұлыңғырлануы ықтимал.

(ОӘ) – дәрігер. Ыстық жүректі, салқын қанды, аса батыл деген сөздер дәл сізге арналған. Сізге дерексіз экономика емес, адамның саулығымен айналысу керек.

(ОҒ) – сіз кәсіпкерсіз. Өміріңіз ақшамен байланысты. Керемет саудагер, уәкіл, қаржыгер, банкир бола аласыз.

(ОД) – сақшыларға қатысыңыз бар. Сізден тамаша шенеунік не оқымысты шығады. Жұмысты кез келген бағытта таңдай аласыз. Өз өміріңізді надандықпен күреске немесе заттардың реттілігін сақтауға арнауыңызға болады.

Ұқсас жазбалар:

Тест: "Қай жолды таңдадыңыз?"

Бал ашудың ең оңай жолы

@. @assel_assanova