Өмірді мәнді етіп өткізу үшін...

Өмірді мәнді етіп өткізу үшін...
Фото: Данияр Шаймергенов

Өмірді мәнді, мағыналы етіп өткізу үшін арнайы ережеге сүйену керек дегенді естіген боларсыз. Расында да психологияда «өмір заңдары» деген түсінік бар. Ол қандай жайттарға негізделген?

Бірінші заң – босату

Егер сізге жаңа киім керек болса, ескі-құсқыдан құтылу керек. Жаңа телефон керек болса, ескісін сатыңыз. Өміріңізге жаңа нәрсе келуі үшін оған орынды босату керек. Сондай-ақ қажет емес стереотиптеріңізден арылыңыз. 

Жалпы, стереотип деген не? Стереотип – оқиғаларға, адамдарға қатысты халық арасында қалыптасқан жалпы түсінік. Сол халықтық түсінік әр адамның санасында өмір бойы жүреді. Есейген сайын адам өз ұстанымдарынан алыстай алмайды.

Сондықтан бұл фактіні қабылдап, өз стереотиптеріңізді анықтап, қажет емесінен арылуыңыз керек. Сізге зиянын тигізетін, өмірге, мақсатқа бөгет болатын стереотиптің орнын пайдалы ұстаныммен толтырсаңыз, өміріңіз де өзгергенін байқайсыз.

Яғни, жаңа нәрсе келуі үшін ескі нәрсенің орнын босату керек. Осыны есіңізге сақтаңыз.

Екінші заң — айналым заңы

Қалаған бір нәрсеге жету үшін өміріңіздегі бір нәрседен бас тартуға дайын болыңыз. Яғни жоғарыда айтқан босату заңы жұмыс істеу үшін тек білім ғана емес, шын ниет те қажет. Сіз ескі нәрседен, өміріңізге еш пайдасы жоқ адамнан алыстауыңыз керек екенін білсеңіз де, еш әрекет жасамайсыз. Неліктен? Себебі дайын емессіз. Егер бір нәрсені жіберіп, басқа нәрсені қабылдауға дайын болсаңыз, айналым заңы іске қосылып кетеді.

Ең бастысы, қорықпаңыз!

Үшінші заң – елестету заңы

Өміріңіздің жақсы жаққа өзгеруін ең алдымен ойыңызда елестетуіңіз керек. «Мінсіз өмірді» елестетуіңіз керек. Армандарыңызға, мақсаттарыңызға қалай жетіп келе жатырсыз? Өміріңіздің гүлденуін мейлінше жиі, айқын етіп елестетіп тұруыңыз керек. Енді сол «суретті» өз қалауыңыз бойынша: қағазға жазу не сурет салу арқылы түсіріңіз. Ол қағазды ешбір жанға көрсетуге болмайтынын ескеріңіз. Бір жерге тығып, сақтап жүріңіз.

Төртінші заң — шығармашылық заңы

Адам береке, байлыққа, табысқа өзінің ойы, ішкі дауысы мен елестету энергиясының арқасында жете алады. Неге десеңіз, шығармашылық ойлауы жіті дамыған адамдар өзін басқа жағдайда, басқа жерде, тіпті басқа кейіпте, мінезде елестете алады. Ал елестете білу қабілеті армандардың орындалуына апарады.

Бірақ адамдар шығармашыл, шығармашыл емес деп бөлінеді деп кесіп айту қате деп санаймын. Себебі кез келген адамда шығармашылық қасиет бар. Оны аңғарып, оны ұнатып, дамыту — сіздің қолыңызда. Кейбір адамдарға ол қасиет қажетсіз не ұнамсыз болғандықтан, одан бас тартып, «мен шығармашылық адамы емеспін, мен нақтылықты ұстанамын» деп айтып жатады. Ал ол – бар болғаны өзінің таңдауы.

Негізінде адамдар өзінің шығармашылық қасиеттерін дамытып, оны нақты ғылымдар саласындағы жұмыспен бірге алып жүре алады. Сондықтан «шығармашылық заңы маған қиынға соғады» деген ойдан аулақ болыңыз.

Жалғасы...

Ұқсас жазбалар:

Рухы мықты адамдар қандай болады? #2

Көре алмаушылық неден туындайды?

Ф. Абилова