Стереотиптің жағымсыз жақтары қандай?

Стереотиптің жағымсыз жақтары қандай?

Стереотип деген не? Стереотип – оқиғаларға, адамдарға қатысты халық арасында қалыптасқан жалпы түсінік. 

Кейде біз көптің пікірінен аса алмай қалып жатамыз. Сол себепті бүгін сәнге байланысты стереотиптерді қарастыруды жөн көрдік.

1. Киімдер, аксессуарлар. Бұларға байланысты трендтер маусымға байланысты тез өзгеріп отырады. Сондықтан, сәннің құрбаны болмас үшін өз стиліңізді қалыптастырғаныңыз абзал. Немесе соңғы сәннен тек бір ғана детальді алып, гардеробыңызды жаңартсаңыз болады. Мысалы, пальто, костюм, көйлек трендте делік, сіз бір ғана нәрсені (көбірек киілетінін) ғана алғаныңыз жөн.

Ұялы телефон күнде жаңарып жатыр, мүмкіндігі жоғары смартфондардан кем түспейтін, бірақ бағасы қолжетімдісін алуға болады.

2. Ажар, дене сымбаты. Көз, қас, кірпік, мұрын, еріннің белгілі бір түрлерін сәнге айналдыру. Әр әйел заты өзінің қайталанбас келбетімен, сымбатымен сұлу. Алайда стереотиптің әсерінен уақытымызды жаттығу залында өткізіп, тапқан-таянғанымызды қымбат косметикалық заттарды сатып алуға жұмсап жатамыз. Бір өкініштісі, мұны біз жігіттер үшін емес, өзге сәнқой бикештердің пікірі үшін істейміз. Әйтпесе, сіздің бұлтиған ерніңізді, татуажыңызды ерлер мүлде түсінбейді, бағаламайды да.

Екінші жағынан бұл өз-өзімізге көңіліміздің толмайтынын көрсетеді.

Стереотип – бизнес жасаудың көзі. Жарнама да сол үшін жасалады. Сондықтан, қыруар қаржыны шашар алдында жақсылап ойланыңыз.

Сурет: ©Татьяна Давыдова

Оқи отырыңыз:

Жігіттерге бикештердің қандай киімдері ұнамайды?

Заманауи бойжеткен қандай болу керек?

Нағыз әйел затына лайық қасиеттер қандай?

Өмірге қажетті кеңестер

Неліктен көп кешігеміз?

Ф. Абилова