- Негізгі бет
- Психология
- Болашақ жарды қалай...
Болашақ жарды қалай таңдайсыз? #2
Көптеген ару 18 жастан асқанда өз отбасын құру жайлы ойланады. Оның ойында «болашақ жарым қандай болады? Кімге кезігемін? Жақсы жар бола алам ба?» деген сұрақтар болады.
Әлі жас ару ақылды болғанымен, жақсы жар таңдау үшін даналық қажет. Ал оны таңдауда қандай қағидаларды білу керек?
Тартылыс күші
Сіз рухани және эмоционалды тұрғыда бір-біріңізбен үйлесесіз. Таңертең бірге жүгіру, саябақта велосипед тебу, тауға өрмелеу, коньки тебу кезінде энергияңыздың тасып тұрғанын байқайсыз. Себебі сүйікті адаммен бірге болу, уақыт өткізу - сіз үшін қуаныш. Мұны "тартылыс күші" деп атайды.
Ол адаммен сырласқың келеді
Болашақты ол адамсыз елестете алмайсыз. Сол жігітпен бірге бүкіл өміріңді сүріп, бірге қартаю сізді қорқытпайды. Сіз үшін өмірдегі ең жайлы жер – оның жанында.
Бір қуанышты жағдай болса, ең алдымен оған айтқыңыз келеді. Жақсы жаңалық естісеңіз, тез арада онымен бөлісуге асығасыз.
Ол таңғы асқа не ішті, қалай ұйықтады, қандай түс көрді, күні қалай өтті, жылы киінді ме деген сұрақтар сіздің ойыңыздан кетер емес. Бұл - аналық қамқорлық. Бұл қасиет барлық ғашық болған нәзік жандыға тән. Әрине өзіңізбен өзіңіз қалғыңыз келетін күндер де болады. Бұл кез келген адамға тән деуге болады. Мұндай жағдайда өзіңізді кінәлі сезінудің орны жоқ.
Романтика
Романтика дегенде, бірден ойымызға гүл шоғы, кәмпит-шоколад, тосын сыйлар келеді. Бірақ романтика түсінігі мұнымен шектеліп қалмайды. Нағыз романтика – сүйіктіңе қарағанда жүзіңнің жарқырап, көңіл-күйіңнің жақсаруы. Ер адам табиғатынан көп сөйлемейтін байсалды болып келеді (бәрі емес, әрине). Сондықтан оның сізге өз қиындықтарын, сырларын айтып, бөлісуі – үлкен сенімнің нәтижесі. Үйіңізге келіп тұратын гүл шоғы сиреуі мүмкін. Нағыз романтиканың белгісі – оның сізге ашылып, сенуі, сізді өмірінің басты бөлігі санауы.
Жалғасы бар...
Сурет: ©Алексей Кострикин
Ұқсас жазбалар:
Болашақ жарым қандай болуы керек? #2
Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...
Болашақ жарыңыздың анасымен қалай танысасыз?
Ф. Абилова