Ер адамның болмысын түсіну үшін...

Ер адамның болмысын түсіну үшін...

Әдетте біз әйел адамдардың аузынан ер адамның қандай болуы керектігі жайлы көп естиміз. Нәзік жандылардың қарым-қатынастан не күтетіні туралы да біраз айтылды.

Ал, жігіттердің қарым-қатынастан не күтетінін білесіз бе?

1. Ең бастысы – өзін батыр сезінгісі келеді.

Әрбір ер адам өзінің сүйіктісінің батыры болғысы келеді. Олар үшін бұл өте маңызды. Олар әйел адамды көтеріп алып, бүкіл әлемді көрсеткісі келеді.

Ер адамға сеніп, оны қолдасаңыз, ол ең биік белестерді бағындырады!

Сонымен қатар, осындай сезім сыйлаған әйел адамға ері үлкен құрмет көрсететіні һақ.

2. Қолдау.

Жас баланы нағыз ер қылатын басты фактор – әйел адамның қолдауы. Осыны жадыңыздан шығармаңыз.

3. Сөздер.

Қоғамда «ерлер көп сөйлегенді ұнатпайды» деген пікір қалыптасқан. Жо-жоқ, оны жоққа шығарайын деп жатқан жоқпыз. Бұл мәселені айтпай кетуге болмайды. Ер адамдар сіздің шындықты толық жеткізуіңізді күтеді. Ал егер сіз бірдеңені айтпай, іште сақтап қалсаңыз, қарым-қатынас атты биік қамалдың құлауына себеп болуыңыз мүмкін. Сенесіз бе, ерлер сіздің шын кейпіңізді білгісі келеді. Иә, оларға бәрібір емес.

4. Коммуникация.

Бұл факторсыз қарым-қатынасты «жоқ» деп есептеңіз. Бұл орайда ескеретін жайт, ер адамдар астарлап жеткізгенді ұнатпайды. Оны түсініп, жұмбақты шешуге де тырысқысы келмейді. Айтарыңыз бар ма? Тікелей әрі нақты жеткізіңіз.

Психологтардың пайымдауынша, ер адамдар логикамен, әйел адамдармен сезіммен жүреді.

5. Спорт.

Ерлер өздерінің сыңарларымен бірге спортпен шұғылдануды ұнатады. Егер сіз барыңызды салып, денсаулықты, дене сымбатын қалыпты ұстауға тырысатын болсаңыз, ер адам да өзіне көбірек көңіл бөлуді мақсат етеді. Ал бірге спортпен шұғылдану – өмір сүру стилі секілді. Ол сіздің хоббиіңіз де, жұмысыңыз да болып саналады.

6. Жеке өмір.

Әр ер адамның жеке кеңістігі болуы керек. Бұны теріс түсініп қалмаңыз. Жеке кеңістік дегеніміз – өзінің достары, өзіне қызықты істер, хоббиі, жеке қызығушылықтары. Ол сізге де қажет. Махаббат – мәңгі бірге болу емес.

Әр адам – жеке тұлға. Осы қағиданы жадыңызда ұстаңыз.

Жігіттер, сіз не қосар едіңіз?

Сурет: ©Алексей Романов

Оқи отырыңыз:

Әйел затының болмысын түсіну үшін...

Бақытты жұп қандай болады?

Бақытты жұп қандай болады? #2

Нағыз ер жігіттің ұстанымдары

"Қызғанса, сүйеді" деген пікір дұрыс па?

Ф. Абилова