Бақытты жұп қандай болады? #2

Бақытты жұп қандай болады? #2

Бұл сұраққа әркім әртүрлі пікір айтады. Себебі, бақыт дегенді әр адам әрқалай түсінеді. Ал біздің ойымызша бақытты жұпты мына нәрселерге қарап білуге болады.

Басы

1. Түсінісе білу. Мамандар бұған «махаббат тілі» деген атау берді. Ал бұны қалай түсінуге болады? Ең алдымен, сіз бір-біріңізді тануыңыз керек. Ол нені ұнатады? Нені ұнатпайды? Қандай сөздерді естігісі келеді? Қандай нәрселермен айналысқысы келеді? Осындай сұрақтардың жауабын тапсаңыз, бір-біріңізді түсіне, тани бастайсыз. Яғни, «махаббаттың тілі» - сөз емес. Сіз бір ауыз сөзсіз оның көңіл-күйін біле аласыз ба? Демек, дұрыс бағыттасыз.

2. Өткенді ақтару. Бақытты жандар бір-бірінің өткенін қазбаламауға тырысады. Расында да, біз күнделікті өмірде өткенін беттеріне басып, ұрыс-керіс шығарып, шаңырақты шайқалтып жататындар туралы жиі естиміз, көреміз. Ең алдымен, «бұрынғы қыз/жігіттердің» жарыңыздың психологиялық/моральдық тұрғыда қалыптасуына, өсуіне көмектескенін түсіне біліңіз. Себебі, қателіктер біздің мінезімізді қалыптастырып, оны нығайта түседі.

«Өткен іс болды, бояуы сіңді» демекші, оны еске алып, көңіл-күйді түсірудің еш пайдасы жоқ. Осыны естен шығармаңыз.

3. Демалыс. Жұптардың 24/7 уақыт бойы бірге болуы мүмкін бе? Әрине. Алайда, бұл оларды бір-бірінен қажытып, шаршатып жіберуі ықтимал. Сондықтан, ара-арасында демалыс алып, екі жаққа кетіп, өз-өздеріңізбен болуыңыз да керек. Әдетте, бір үйде біреуі интроверт болса, екіншісі экстраверт болады. Бұл жақсы-ақ. Неліктен? Себебі, екі түрлі мінез астасып, жақсы жұп құрай алады. Ал, екі бірдей мінез бір-бірімен бәсекелесіп, жеңуге тырысады. Интроверт үйде қалып, сүйікті телесериалын көргісі келсе, экстраверт достарымен кешкі асқа барып, серуендеуді шешеді. Мұндай демалыстар қажетті екенін түсіну керек. Үнемі қол ұстасып жүру мүмкін емес, мүмкін болған күннің өзінде дұрыс емес.

Сурет: Baltabek Kozhanov Studio

Оқи отырыңыз:

Бақытты жұп қандай болады?

"Қызғанса, сүйеді" деген пікір дұрыс па?

Неліктен жалғызсыз?

Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?

Ф. Абилова