- Негізгі бет
- Психология
- Табыстың кілті неде?...
Табыстың кілті неде?
«Өмір Даосы» атты кітаптың авторы Ирина Хакамада түрлі көшбасшылық сабақ өткізіп, адамдарды алып мақсаттарына жетелейді. Өз күшіне сеніп, әрдайым табысты болуға үйретеді. Мұнымен қатар, аталған кітапта табыс, табысқа жету жолдары, табыс факторлары мен қағидаттары туралы баяндалады.
Мен қай кезде табысты боламын?
♦ Бақытты болған сәтте, шығармашылықпен айналысқан кезде.
♦ Ақ ниетті адамдардың арасында жүрген кезімде.
♦ Өзімді сапалы өмірмен қамтамасыз ету үшін ақшам жеткенде.
♦ Мен сыйлайтын адамдардың бойында табыстың белгілері бар болғанда.
Аталған факторлардың өміріңізде қайсысы бар? Ал қайсысына әлі қол жеткізіп үлгермедіңіз? Ойланып көріңіз. Тәуелсіздікке ұмтылатын жан мен үнемі қажет болатын материалдық құндылықтар арасында қалай тепе-теңдік орнатуға болады? Жарнамаларға алданып қалмаудың қандай жолдары бар? Арманымыз бен қоғам қалауын қалай ажыратамыз?
Табыс қағидаттары:
♦ «Пофигизмді» бақылау.
♦ Мақсатымызға немқұрайдылық таныту.
♦ Жан мен сана қалауын ажырату.
♦ «Ашық сана».
Енді әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық:
Алғашқы қағидат жан дүниемізге терең үңіліп, арманымызға барар жолда өзгені емес, жүрегімізді тыңдау керектігімізді меңзейді.
Мақсатқа жетер бір ғана бағыт болғанымен, барар жол өте көп. Қатты қаласаңыз, әлем сізге мүмкіндіктер есігін ашуға дайын.
Жан мен сана қалауын ажырату өте қиын. Көкейімізде көп ой жүріп, қалауымыз басқа болса да, жалақысы жоғары қызметті таңдаймыз. Алайда жоғары жалақы ала тұрып, жанымызды қанағаттандыратын істі қалай табуға болады? Біздің өміріміз – үнемі ең жақсыны іздеу. Сондықтан тоқтамаңыз! Әрдайым ізденіс үстінде болыңыз!
Ашық сана қағидаты дүниенің тылсым сырларын ұғып, тағдыр белгілерін байқауға көмектеседі.
Ең бақытты сәттер өміріңізде болсын десеңіз, ой күшін пайдаланыңыз. Өміріміздің 90%-ы өзіміздің қолымызда, ал қалған 10%-ы жағдайға байланысты. Әрі сол жағдайдың 99%-ын өз бақылауымызға ала аламыз.
Оқи отырыңыз:
Массагет оқушы қыздың арманын орындады
Болашақ жарым қандай болуы керек?
Нағыз әйел затына лайық қасиеттер қандай?
Сурет: voxpopuli.kz
Қ. Бүйенбай