Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Дөрекілікпен күресудің 4 тәсілі

Дөрекілікпен күресудің 4 тәсілі

Дөрекілікпен күресудің 4 тәсілі

Дөрекілік – жағымсыз, кері әсерін тигізуші адамдарға қаратып айтылатын мінез. Оны нақты бір субъектіге немесе қоршаған ортасына сыйламайтын әрекеттер жасауымен көрсетеді. Бір қызығы біз өмір сүріп жатқан қоғамда дөрекілікке түсіністікпен қарайды. Әрине, оны түсінгендігін сөзбен жеткізбейді, бар болғаны болған оқиғаны көз жұма қабылдайды. Аталған материалымыз «Дөрекілік дегеніміз не?» және «Онымен қалай күресуге болады?» сынды сұрақтарға жауап береді.

Дөрекілікті бір сөзбен айтып түсіндіру мүмкін емес, десе де тырысып көрейік. Ол үшін дөрекіліктің белгілерін жеке дара ажыратып көрсетейік:

1. Оппоненттің темпераментіне байланысты қоғамдық немесе анонимді дөрекілік;

2. Әңгімелесушіміздің жанды жеріне тию;

3. Энергетикалық вампиризм (кей жағдайда ғана);

4. Тілдік немесе қимыл қозғалысқа тән белгілер.

Дөрекілік – адамның өзгелерден жоғарырақ  екенін көрсетудің ең нашар құралы. Ол арнайы іс-әрекеттер арқылы көрініс табады. Олар: сөз, қимыл-қозғалыс, жұдырық ала жүгіру, спецификалық көзқарас және нақты қасақана жасалған әрекеттер. Қайсысының қолданылуы ситуацияға байланысты.

Дөрекілік сөзін ғылыми синоним «жануарларға тән автоматизм» терминімен алмастыруға болады. Зерттеушілердің пікіріне жүгінсек, дөрекілікке бой алдыратын адамдар мәдениет, адамгершілік заңдарын шетке ысырып өз мүдделері үшін жанын аямай күреседі.  

Дөрекі адамдар әдетте өзіне-өзі төмен баға беретін, отбасында дұрыс тәрбие алмаған, психологиялық ауытқуы бар, ұстамсыз адамдар.

Дөрекілікпен күресудің жолдары:

Онымен күресу нәзік жандыларға қиын соғады.

Бірінші тәсіл – өзімізге бағытталған дөрекілікке мән бермеу. Мысалы, біреу сізге қатты сөздер айтып, ұрысып жатса, сіз жәй ғана оның көйлегіндегі түймешіктерді санаңыз. Көп ұзамай ол адам өзінің монолог айтып тұрғанын түсінеді. Бір қызығы дөрекі адамдар да сөздерін желге ұшырғысы келмейді. Немесе сізден не себепті киіміне қарап тұрғаныңызды сұрауы мүмкін. Ал сіз барынша шынайы жауап қайтарып, көйлегіндегі түймешіктерді санап тұрғаныңызды айтыңыз.

Екінші тәсіл – «күлгін тұман» техникасы. Бұл техниканы әмбебап деп атауымызға болады. Яғни оны кез келген жастағы дөрекілік танытушы адамға қарсы қолдануға болады. Ол үшін түсінбей ұзақ ойланатындай сөздер айтуыңыз керек. Бірнеше мысал:

1) Адамдардың барлығы әртүрлі, әркім өз қалауымен өмір сүреді. Оқиға біреу болғанмен, адамдарға түрліше әрекет етеді. Ал сенің осы әрекетіңді қалай түсінуге болады?

2) Менің осы күнге дейін атқарған еңбегімнің қайтарымы дәл қазір анықталғандай болып тұр.  

3) Тауардың бағасы мен сапасы әртүрлі болады деген осы екен ғой және т.б.

Бұл фразаларды қолдану үшін де оңтайлы сәтті таңдап, біраз өзгеріс енгізуіміз керек. Нәтижесі еңбегімізді ақтайды.

Үшінші тәсіл – әзіл-қалжыңды араластыру.

Дөрекілікті көңіліңізге алмаңыз. Атамыз қазақ «Таспен атқанды аспен ат» деп бекер айтпаса керек. Бұл тәсілді пайдаланар кезде абай болыңыз. Оны тек әзіл қалжыңды түсінетін адамға айтқаныңыз жөн.

Осы әдістің көмегімен оның назарын басқа жаққа бұрып жібере аласыз. Мысалы, айқайлап жатқан адамға аз күлімсіреп: «Бір нәрсе күйіп-пісіп жатқан сияқты, сол сіз емес пе?» деп айтыңыз.

Төртінші тәсіл – түсіністік таныту. Бұл жерде сәл сабыр сақтағаныңыз жөн. Тәсілді жүзеге асыру үшін:

1) Оппоненттің сөзін бөлмей тыңдаңыз;

2) Дөрекілік танытуының себебін анықтаңыз;

3) Мәселені шешу үшін не істеу керек екендігіңізді ойлаңыз;

4) Қателігіңізді айтқаны үшін алғыс айтыңыз.

Әрине, бұл тәсілді де орнымен қолданғанымыз жөн.

Өмірден дөрекілік атаулысын алып тастау мүмкін емес, алайда осы сынды тәсілдердің көмегімен онымен күресетін қаруыңыз әрдайым жаныңызда болсын.

Ал сіз дөрекілікпен қалай күресесіз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: xolmscf.wordpress.com 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 12 наурыз 2014, 18:37
Пікірлер
+0
13 наурыз 2014, 08:58

Мен дөрекі емеспін))

+0
13 наурыз 2014, 09:50

Өзгелердің дөрекілігі мені қатты жасытып тастайды :(

+0
13 наурыз 2014, 17:30

менің реніштен тез жылайтын әдетімнің тағы бір себебі ғой дөрекілік деген)

+0
17 наурыз 2014, 00:23

Қас жауым тіл! Кейде дөрекілеу бір сөздер айтып қоямын((( (боқауыз емес) . "Сен жындысың ба" деген сияқты((((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.