- Негізгі бет
- Денсаулық
- Вампирлер қалай пайда...
Вампирлер қалай пайда болған?
Дәл қазір вампирлер жайында фильмдер мен мультфильмдер, түрлі кітаптар көптеп кездеседі. Біздің білуімізше, олардың ерекшеліктері – ұры тістер, айнада көрінбеу, күн сәулесінен қорқу, сарымсақтың иісін ұнатпау, қанға деген ерекше құмарлық. Аталғандардың барлығы «порфирия» ауруының салдарынан.
Бұл - 200 000 адамның ішінен біреуі ғана шалдығатын сирек ауру. Ең алғаш Еуропаның монархтары мен ақсүйектер арасында тараған. Ол кезде монархтарды қан тазалығын ескерместен жарын туыстарының арасынан таңдауға мәжбүр еткендіктен осы аурудың түрі пайда болған. Оның басты белгілері:
Азу тістер
Барлық кітаптар мен фильмдерде вампирлердің азу тістері бар болып бейнеленеді. Негізінде порфирия ауруына шалдыққан кезде кейбір тістер жәй үшкірлене түседі. Мұнан өзге еріндері мен қызыл иегі құрғайды. Нәтижесінде көздің ағы қызыл түске боялып, тері бозарады.
Айна
Тағы бір белгісі – вампирлердің айнадан көрінбейтіндігі. Ғалымдар ертеректе порфирия ауруымен ауырған адамдар түрлерінің жиіркенішті болғаны үшін айнаға қарай алмаған деп болжайды. Өткен ғасырларда айналардың тек бай-шонжарлардың үйлерінде ілінгені белгілі. Міне осындай адамдар келбеттерінен жиіркеніп айнаның бетін матамен жауып қоятын болған.
Күн сәулесіне деген жоғары сезгіштік
Порфирия терінің реңдік өзгерістеріне алып келетіндіктен, күн сәулесінен тері күйеді. Мұнымен қатар мұндай адамдардың көздері де күн сәулесіне сезімтал келеді.
Сарымсақ иісіне төзе алмауы
Сарымсақтың иісі ауруды одан ары үдететіндіктен оған төзбейді. Ол бірнеше есе күшті аллергияға алып келеді.
Қанға деген құмарлық
Порфириктердің қанында гемоглобин мөлшері аз болғандықтан қан ішуге үнемі құмартып тұрады. Қан аздықтан беттері тілімденіп те кетеді. Ежелгі дәрігерлер болса мұндай кезде өзгенің қанын ішуден басқа кеңес бере алмаған.
Халқымыздың қан тазалығына аса мән беретіндігі осындай жаман індеттерді алдын алудан болар.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: fakt.ru
Қ. Бүйенбай