Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жүйкеңіз шаршаған болса...

Жүйкеңіз шаршаған болса...

Жүйкеңіз шаршаған болса...

«Тірі жан жоқ орманның ішінде келе жатыр. Әрбір қадамын басқан сайын тынысы жиілей түседі. Қай ағаштың арасынан қандай мақұлықтың шыға келетінін білмейді. Бар болғаны бар даусымен айғайлағысы келеді де тұрады...». Міне дәл осылай жазушылар өмірден жалыққан, күйзеліске тап болған кейіпкерлерін суреттейді. Ал шынайы өмірде ше? Жүйкесі шаршаған адамдарды қалай суреттеуге болады? Оны суреттемес бұрын, жүйкені тыныштандырып, күйзелістен арылуға көмектесетін бірнеше кеңестерімізді ұсынамыз:

1. Жанға жайлылық сыйлайтын музыка тыңдаңыз. Музыка сіздің назарыңызды басқа арнаға бұрады. Ал назарыңызды басқа арнаға бұратын музыка R&B жанрында да болуы мүмкін. Бастысы шын мәнінде жайлылық сыйлап жатқанына көз жеткізіңіз.

2. Терең тыныс алу. Бұл кеңінен таралған әдістердің бірі. Көзіңізді жұмып тұрып терең демалыңыз да, артынша ауаны сыртқа шығарыңыз. Осыны бірнеше рет қайталаңыз. Демалған кезде кеуде жасушаларына ауырлық түспейтіндей, баяу тыныс алыңыз. Жаттығу барысында денеңіздің ауырлықты сезбейтіндігіне көз жеткізіңіз. Аталған жаттығуды жасаудың арқасында қан айналымыңыз жақсарып, қан қысымыңыз жоғарылап, денеңіз физиологиялық деңгейде демалады. Күйзеліс кезінде адамның қимыл-қозғалысының жылдамдығы артып кететіндіктен, бұлшық еттерді босаңсыту керек.

3. Елестету немесе қиялдау. Ешкім жоқ, ауасы таза, тыныш жерге көзіңізді жұмып отырып, өзіңізді хош иісті гүлдердің, әсем саябақтың ортасында немесе қымыз иісі аңқыған кең жайлауда отырмын деп елестетіңіз. Сіз қандай дыбыстарды естіп тұрсыз? Қандай иістерді сезудесіз? Қажет болса, көк майса шалғында жатқандай әсерде болыңыз. Өз елесіңізге сіз сенген сайын, денеңіз де алданады. Яғни, бұл да өз кезегінде тынышталуға мүмкіндік береді.

4. Аз уақыт ұйықтап алыңыз. Тіпті, бар болғаны 15 минутыңыз ғана болса да, жатып тынығыңыз. Ояна салысымен өзіңізді сергек сезінесіз. Ал ми сергек кезде шешімді әрдайым дұрыс қабылдайды. Пародаксалды (әдеттен тыс) ұйқы кезінде ми толқындары зат алмасып, денеге жайлылық сыйлайды. Және жатқан кезде де денеңіз ұйып қалмайтындай дұрыс жатыңыз. Мұнымен қатар денсаулығыңыз жақсы болу үшін, түнде ұйқыңыздың уақытын бұзбаңыз.

5. Ояныңыз да керіліңіз. Бұлшық еттеріңізді соза түсіңіз. Ояна салысымен, бөлменің ішінде быраз жүріп, жаттығулар жасаңыз. Үйде ешкім жоқ болса, көңілді музыка қосып билеп алыңыз. Нәтижесінде миыңызға әсер етіп ғана қоймай, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

6. Таза ауамен демалыңыз. Ол небары 1 минут ғана уақытыңызды алады. Көшеге шығып, таза ауа жұтынсаңыз болғаны.

7. Ұзақ уақыт жаяу жүру. Жақсы демалыс жаман ойлардан арылуға көмектеседі. Бұдан өзге адамдардың не істеп жүргенін бақылап көріңіз. Өзіңізді қинасаңыз да, күйзеліске тап болған сәттерде денеңізді қимылдатыңыз.

8. Дұрыс тамақтаныңыз. Жеміс-жидектердің көмегіне жүгінуімізге тура келеді. Әрі аш болғанан, тоқ жүргеніңіз жақсы. Қанты көп тағамдар жүйкеге әсер ететін болғандықтан, оларды көп жемеуге тырысыңыз.

9. Жылы ванна қабылдаңыз. Жылы су да күйзеліске төтеп беруге көмектеседі. Уақытыңыз болса, ұзағынан жатып тынығыңыз. Ваннаға арналған тұзға шомылып, қаласаңыз аудио кітаптар тыңдаңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: foto.99px.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 10 ақпан 2014, 10:27
Пікірлер
+0
10 ақпан 2014, 11:39

бұның бәрі көмектесепесе не істеуге болады? Мысалы ұзақ уақыт осындай күйде жүрсең?

+0
10 ақпан 2014, 11:43

уақытша басқа қалаға кету (мүлдем басқа ортамен араласу, мұлдем өзге тұрмыс салтын ұстану) көмектесетін сияқты.

+0
10 ақпан 2014, 13:56

Түу,менің солай жасағым келіп жүр. Сіздерге қыдырып барайын ба? ;)

+0
10 ақпан 2014, 15:11

Кел міндетті түрде! Теңіздің толқындарымен, ақжарқын жандардың ақ пейілімен емдеп жіберейін)

+0
10 ақпан 2014, 20:48

:? Ұшып кеткім келіп тұрғаны... Әттеееееең!... :(

+0
10 ақпан 2014, 13:56

Дәл осы жағдай орын алған ортадан жырақ жерге барып келiңiз. Және суға түсудi тоқтатпау керек. Не ең жақын деген адамыңызға хат жазыңыз. Параққа ойыңызға не келдi, соны жазыңыз. Артынан жыртып тастаңыз. Күш қуат беретiн ұлы сөздердi қайталаңыз.

+0
10 ақпан 2014, 18:41

Иа, менің жүйкеме мына кеңестердің көмегі шамалы. Жалпы адамның ой-қабілетіне, жан-дүниесіне таң қалам. Техника сиякты өшіріп қоюға болмайма?

+0
10 ақпан 2014, 20:48

менің басқа елге кетіп қалғым келеді адамдары жақсы елге

+0
11 ақпан 2014, 12:50

ия бәрін қойып ұйықтау керек

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.