Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Алғашқы кездесу: Тағам таңдау

Алғашқы кездесу: Тағам таңдау

Алғашқы кездесу: Тағам таңдау

Әдетте алғашқы кездесуге (екінші кездесу немесе жиырмасыншы кездесу болуы да мүмкін) бара жатқан кез келген қыз баласы тиянақты түрде дайындалады: киім, макияж, шаш үлгісі, иіссу – бәрінде мін болмауы керек. Тіпті, кейбір аруларымыз кездесу барысында қозғайтын тақырыптарының тізімін де жазып алады. Ал сіз кездесуге сәтсіздік әкелуі мүмкін тағам таңдау мәселесін бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Кафеде немесе мейрамханада талғамсыз таңдалған тағам сізге деген нашар көзқарас қалыптастырады. Сондықтан кездесу кезінде дастархан басында өзіңізді қалай ұстауды, нендей тапсырыстар жасау керек екендігін жадыңыздан шығармаңыз.

Қызанақ тұздығымен бірге пастаға тапсырыс берген қыздардың басталмай жатқан қарым-қатынастың үзілуіне себепкер болып, ролл, салаттар, кофе және балмұздақты таңдаған қыздан жігіттің қашып кеткен жағдайдары аз болмаған. Серіңіз сізге:"Мәссаған, осыншама тамақ жейсің бе?!" деп таң қалып тұрса, одан асқан масқара бар ма?

Сонымен, жігіт алғашқы кездесуге сізді отырып тамақтанатын жерге шақырды. Кеңестеріміз төмендегідей:

Кофехана – мұндай оқиғалар үшін үйреншікті орын. Бір шыны аяқ кофе мен шәй қасықпен жеуге болатын қарапайым тәтті тоқаш алсаңыз, жетіп жатыр. Өзіңізге таныс емес құралдармен желінетін десерттерден аулақ болыңыз. Тоқаш жегіңіз келмесе, қасықпен алып жеуге болатын балмұздаққа тапсырыс беріңіз.

Мейрамхана. Кейде сері жігіттің қызды түскі асқа немесе кешкі асқа мейрамханаға шақыратын кездері болады. Таңдау құқығы сізге берілсе (тәрбиелі жігіт міндетті түрде сізден барғыңыз келетін жерді сұрайды), аспандағы айға қол созбай, өзіңіз жақсы білетін, үйреншікті мейрамхананы айтыңыз. Қарныңыз қатты ашып отырса да, көп тапсырыс бермеңіз, басқа келер бәленің бәрі осы "көптен" шығады. Дастархан басында еркін әңгіме-дүкен құруға болатын, өзіңізді тиянақты ұстап отырып жей алатын мәзірге көңіл бөліңіз. Паста туралы жоғарыда айтқанымызды естен шығармаңыз. Ал мейрамхана мәдениеті туралы мына жерден оқи аласыздар.

Айтпақшы, қазір қаланың кез келген бұрышынан донер, "KFC" жейтін орындарды көруге болады. Алғашқы кездесу үшін мұндай орындар жарамайды!

Енді мәзір таңдауға көмектесіп көрелік:

Сорпа – бейтарап таңдау, әсіресе әңгіме түскі ас туралы болып тұрса... Бірақ елестетіп көріңізші, сізге ыстық сорпа алып келді, сыпайылық сақтап, қасықтың ұшымен аузыңызға алып бардыңыз да, аузыңызды күйдіріп алдыңыз немесе жігіт алдында сораптап, жағымсыз дыбыстар шығарып, ішіп отырсыз. Дұрысы – бұл таңдауды әбден жақын танысып-табысып алғанша, кейінге қалдыра тұру.

Пицца немесе ыстық бутербродтар. Еріген ірімшік шанышқыға жабысып қалады. Ал ыстық пиццаны ұқыпты кесе алу керек, тұздықтың бетіңізге немесе дастарқанға шашырап кетуі сізді ұятқа қалдырады. Қысқасы, қиындығы көп.

Көкөніс салаттары. Тамаша таңдау! Бірақ таңдаған салатыңызда шикі пияздың, сарымсақтың, аскөктің болмауын қадағалаңыз. Сарымсақ пен пияз туралы айтпаса да түсінікті, ал тіске тұрып қалған ақжелкен (петрушка) сізге деген ойды ғасырлар бойына өзгертіп жіберуі ғажап емес.

Ішімдік. Ойлаушы болмаңыз. 

 

 

Суши мен роол. Таяқшаларды басқара алатын болсаңыз, жарты шаруаны бітірдім дей беріңіз. Ондай қабілетіңіз болмаса, бос әуре болмаңыз. Кездесу түскі үзіліске немесе жұмыстан, сабақтан кейін жоспарланған болса, қарныңыздың ашып тұрғаны айдан анық. Олай емес деп түр жасаудың не керегі бар? Адекватты жігіт мұны өте жақсы түсінеді. Ондай кезде жеңіл ыстық тағамға (пышақпен кеспей-ақ, ұқыпты жеуге болатын гуляш сынды тағамдар), салатқа, тіпті, десертке тапсырыс беруге болады. Бірқатар мамандар нәзік жандылар қауымына алғашқы кездесуде тәттіге әуес екендігін көрсетпеуге кеңес береді. Жігіт сіздің құрбандық жасай алатыныңызды, сымбатыңызға көңіл бөлетініңізді байқасын. 

Бұршақ пен фасоль қосылған тағамдардан сақ болыңыз. Бұл тағамдар асқазан-ішек жолдарындағы газ түзу үдерісін қиындатады. Мұның сізге қажеті жоқ.

Ірімшіктің түр-түрін көріп (және сүзбенің) басыңыз кетіп жүрмеңіз, жағымсыз иістермен соқтығысып қаласыз.

Экзотикалық тағамдар. Біріншіден, ұлуды, теңіз шаянын қалай жеу керек екендігі белгісіз. Екіншіден, бұл тағамдарды ағзаңыз қалай қабылдайтындығын білмейсіз. Кенет, аллергия беріп, қызыл дақтар шыға бастаса, қайтпексіз?

Ең соңғы кеңеске де келіп жеттік. Өркениетті әлемде ханымды шақырған мырза мейрамхана есебін өзі жабу керек деген шағын қағида бар. Ал фемнизм дамыған елдерде серілер сұлуларға мұндай ұсыныс айтуға шешіле бермейді. Ал біздің елімізде бұл мәселеге келгенде, қатып қалған қағида жоқ. Қалай болғанда да, мейрамханаға кіргенде, қалтаңызда ақша болсын.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: fresher.ru,krassever.ru,lady-zaza.ru 

4469 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 25 қыркүйек 2013, 11:52
Пікірлер
+0
25 қыркүйек 2013, 10:46

Расымен маңызды-ақ. Бірақ біз түрге мән берсек те, тағам туралы ойламаймыз да. Сосын отырғаның не таңдасам, қалай болады деп )))))))))))

+0
25 қыркүйек 2013, 11:21

аса қатты өзгеріп, қылымсудың қажеті жоқ сияқты. қыздар да адам емес пе) өзім сушиді ұнатам, таяқпен әуреленбейм, шанышқыны пайдаланам. ал тәттілерден ешқашан бас тартпаймын) бәрібір шынайылық, табиғилық (әрине өз табиғатыңда сыпайылықты қалыптастырып алу керек) бірінші орында деп ойлаймын.

+0
25 қыркүйек 2013, 12:13

)шай мен тәтті бәліш болса жеткіліті болатын сияқты

+0
25 қыркүйек 2013, 12:57

кейде кездесулің аяқ асты, жоспарламағандай болғаны күшті әсер қалдыратындай. Себебі ешқашан жоспарлағанымдай болмай қалса, кәдімгідей өкініп қалам

+0
25 қыркүйек 2013, 20:49

өз басым ешқашан кафеге апармаспын (Алғашқы кездесуде) 8-)

+0
01 қазан 2013, 13:10

ал,Сонда не жеу керек :?

+0
24 қазан 2013, 20:26

axaxa sonyna deiin okymaganda, basym katyp juretin ed xDD

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...