Бадам жаңғағының 10 пайдалы қасиеті

Бадам жаңғағының 10 пайдалы қасиеті
Фото: pixabay.com

Жаңғақтардың пайдалы тіскебасар екенін жиі айтамыз. Бүгін бадам жаңғағына жеке тоқталуды жөн көрдік. Оның адам ағзасына пайдалы 10 қасиетін ұсынамыз.

1. Бадам – протеин көзі. Бір уыс бадамда ақуыздың күндізгі нормасының 1/8 бөлігі бар. Сондықтан етті қажетті мөлшерде жемейтін немесе мүлдем жемейтін адамдарға бадам жеуді ұсынады.

2. Холестерин тепе-теңдігін сақтайды. Көптеген зерттеулер бадам қандағы қалыпты холестерин деңгейін ұстауға көмектесетінін анықтады.

3. Бадам жаңғағы – Е дәруменінің көзі. Бір уыс бадам жаңғағында Е дәруменінің күндізгі нормасының 37%-ы бар. Е дәрумені жасушалардағы холестерол қышқылдануын алдын алады, ал ол өз кезегінде жүрек ауруларынан қорғайды және Альцгеймер ауруын алдын алады. Сондай-ақ Е дәрумені тері жасушаларын қорғап, әжімнің ерте пайда болуын алдын алады.

Кірпікке арналған Е дәрумені

4. Артық салмақтан арылуға көмектеседі. Егер жаңғақтар сіздің калория нормаңызға сәйкес келсе, бадамды тамақтану үлесіңізге қосу арқылы арықтай аласыз.

5. Қатерлі ісіктің және жүрек ауруларының пайда болу қаупін төмендетеді. Мехико Университетінің зерттеуі бадам жаңғағын уақытылы жеу кеуде қатерлі ісігінің және тоқ ішек ісігінің пайда болу қаупін 2-3 есеге азайтатынын орнатқан. Күніне 50 г бадам жеу қан жүретін тамырлар қабырғасын қатайтады, қандағы антиоксиданттар деңгейін арттырады және артериялық қысым мен қанағымды жақсартады.

6. Ұйқы сапасын жақсартады. Бадам – магний, кальций және мелатонин көзі. Ол – бұлшықеттерді босатуға және жақсы ұйқыға ықпал ететін жаңғақ.

 

7. Қандағы қант тепе-теңдігін сақтайды. Қант диабетін алдын алуда да бадам жаңғағының пайдасы бар. Жаңғақтағы магнийдің жоғары мөлшері қандағы қант деңгейіне жақсы әсер береді.

8. Ішектер денсаулығын жақсартады. Бадам (жаңғақ немес май түрінде) құрамындағы пробиотиктің арқасында ішектер миклофлорасына жағымды әсер етеді.

9. Когнитивтік функцияны жақсартады. Бадам миға өте пайдалы. Ол ми белсенділігін арттырады.

10. Шаш пен тері саулығын сақтайды. Бадамда В дәрумені, мырыш, темір, никотин қышқылы, рибофлавин және Е дәрумені бар. Бұл заттардың барлығы шаш пен теріге жылтырлық пен күш сыйлайды.

Бадам туралы тағы не білу керек?

- Тағам құндылығы: бір порция жаңғақ (шамамен 23 дана) 3,5 г жасұнық, 6 г ақуыз және 14 г майдан тұрады.

- Күніне неше жаңғақ жеген жөн? Бір порция, яғни шамамен 23 жаңғақ.

- Бадамды көп мөлшерде жеу ұсынылмайды. Оның құрамында жасұнық көп болғандықтан, оны көп жесеңіз, ішектер жұмысында жайсыздықтар орын алуы мүмкін.

- Бадамды аш қарынға жеуге бола ма? Оны аш қарынға жеу ұсынылады, сол кезде оның құрамындағы пайдалы заттар ағзаға жақсы сіңеді.

- Суланған бадамның артықшылығы қандай? Суланған бадам жақсырақ қорытылады және сіңеді деген пікір бар. Бірақ оған дәлелдер аз. Суланған бадам жұмсара түсетіндіктен көпшіліктің көңілінен шығады. Оны сулау үшін бадамды суы бар ыдысқа салып, 8-12 сағатқа қалдырады.

А. Жапатова