Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Спортзал / Протеин коктейлін дайындау жолдары

Протеин коктейлін дайындау жолдары

Протеин коктейлін дайындау жолдары

Арық қыздың да, толық қыздың да басты мәселесі салмақ тастау болса, жігіттер, керісінше, салмақ қоса алмай әлек. Спортпен шұғылданып, дене шынықтырғанда ас мәзірін де басты орынға шығару қажет. Бұлшықеттің басты қорегі – протеин. Бірақ протеин бағасын кез келген адамның қалтасы көтермейді. Сондықтан шығынсыз әрі тиімді жолмен протеин коктейлін үйде өзіңіз жасап ішсеңіз болады.

Ол үшін блендер не басқа езу құралы болса жеткілікті.

Блендерге 100 г сүзбе (творог) саламыз.

Оған жарты бананды турап қосамыз.

Бір қасық бал, аздаған сүт және шырын қосуға болады. Блендерді қосып, араластырамыз.

Протеин коктейлі дайын.

Егер салқын да қою коктейль қаласаңыз, мына мәзірге жүгініңіз. Мұны сұйылту үшін сүт қосуға болады.

Блендерге сүзбе мен балмұздақ саламыз.

Оған банан турап қосамыз да, араластырамыз.

Дәмді де шығынсыз коктейль дайын.

Тағы мына мәзірлер бойынша дайындауға да болады.

Арнольд Шварценеггер коктейлі:

– 2 шыны сүт;
– жарты шыны құрғақ сүт;
– жарты шыны балмұздақ;
– 1 жұмыртқа.

#2 Коктейль 

– 250 мл сүт;
–  1 банан;
– йогурт не айран;
– 2 қасық бал;
– корица;
– сұлы жармасы (овсянка);
– балмұздақ.
 

#3 Коктейль

– 1 стақан сүт;
– 1 жұмыртқа;
– 1 қасық қант.
 

#4 Коктейль

– 200 г сүзбе (творог);
– 100 г айран;
– 100 г шырын;
– құрма не банан.
 

#5 Коктейль

– 100 г сүзбе;
 100 г шие шырыны;
– жұмыртқа ақуызы;
– аздаған қант.
 

#6 Коктейль

– 1 жұмыртқа;
– 1 қасық бал;
– 1 қасық үгітілген грек жаңғағы;
– 1 стақан айран.
 

Барлығын блендер не миксермен араластырып, салқындай ішіңіз.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 12 қаңтар 2017, 13:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.