Жазғы сорпа: Таратор

Жазғы сорпа: Таратор
Фото: receptyprimanapadu.cz

Таратор – болгар асүйінің салқын сорпасы. Тараторды бірінші тамақ ретінде немесе екінші тамақпен бірге тұздық ретінде ұсынады. Тараторды сүт өнімінен дайындайды. Оның рецептісі көк сорпаға (окрошка) ұқсайды, бірақ тараторға аз ингредиент кетеді және ащылығымен ерекшеленеді. Тараторды көк жуамен және суық күйінде (кейде мұзбен) ұсынады.

Қажетті ингредиенттер:

- 500 мл табиғи йогурт (айран немесе қышқыл сүт);
- 4 қияр;
- 4 сарымсақ;
- 0,5 стақан тазартылған грек жаңғағы;
- аскөк;
- 2 ас қасық өсімдік майы;
- дәміне қарай тұз.

Дайындалу жолы:

1. 500 мл қышқыл сүтті (йогурт немесе айран) 500 мл қайнаған сумен араластырыңыз.
2. Қиярды төртбұрышты етіп тураңыз, грек жаңғағы мен сарымсақты ұсақтаңыз.
3. Оған ұсақтап туралған аскөкті, өсімдік майын және аздап тұз салыңыз.
4. Ащы тағамды ұнататындарға аздап қызыл бұрыш қосуға болады.
5. Содан соң дайын қоспаға су араласқан қышқыл сүтті құйып, қажет температураға дейін суытыңыз.
6. Қалауыңызға қарай сорпаға бір-екі мұз текшесін салуға болады.

А. Жапатова